Экология министрлігі қазақстандықтарды сенбілікке шақырады

0
1709
Бірге таза Қазақстан

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, экологтардың кәсіби мейрамы. Айтулы күнді атап өту үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі “Бірге таза Қазақстан” акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараға барлық облысты қоса есептегенде 120 мыңнан астам адам қатысады. Осыған орай республика бойынша 492 локация белгіленді.

Нұр-Сұлтанда негізгі алаң ретінде Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының маңайы таңдап алынды. Акцияға қатысуға ниеттілерді 5 маусым күні Б.Момышұлы көшесі №1 мекен-жайы бойынша сағат 09.00-де күтеміз.

Comments are closed.