Eco FERMER орталығы

0
484

2013 жылы шаруа қожалығының негізінде “EcoFermer” білім беру орталығы құрылды. Орталықтың негізін қалаушы және ұйымдастырушы Тен Денис Сергеевич. Денис Сергеевич АҚШ-тағы “The  Farm Eco Village Training Centre”-де және Ресейдегі “Богдарня” оқыту орталығында оқыған.

Eco FERMER орталығында вермикультура (құрттарды өсіру) әдісі, органикалық қалдықтарды Калифорния құрттарымен биогумус тыңайтқышында қайта өңдеу, бөдене өсіру, қоян өсіру, рекультивация, жылыжай шаруашылығы, омарта шаруашылығы, гидропониканы, энергияның баламалы көздерін пайдалану және  эко-құрылыс жұмыстары іске асады. Орталықтағы барлық салалар бойынша  мамандардың түрлі орасан зор  практикалық тәжірибесі, сондай-ақ соңғы технологияларды қолдануда көп жылдық еңбегі бар.

“EcoFermer” білім беру орталығы эко мәдениетке үйретуді, инновациялық технологияларды дұрыс пайдалануды, адамның жәй ғана  тұтынудан саналы экологиялық өмірге көшуін іске асыруды көздейді.

2016 жылдан бастап “EcoFermer” шаруа қожалығының жеке базасында теориялық – практикалық семинарлар өткізілетін болды. Сондай – ақ 2016 жылғы 25 маусымда Орталық “Органикалық және коммерциялық Омарташылық” тақырыбында теориялық-практикалық семинар ұйымдастырды және өткізді. Аталған семинарда “Ара шаруашылығының негіздері”, “Органикалық және өнеркәсіптік ара шаруашылығы”, “Ара ұяларының түрлері және  оларды үй жағдайында дайындау”, “Aралардың тіршілік әрекеті”  сынды тақырыптар қарастырылды.

2017 жыл   алыс және жақын шетелдерден  мамандарды шақырумен қатар егжей-тегжейлі зерделеу һәм зерттеу жылы болды. Атап айтқанда, экоқұрылыс және экотуризм тақырыптары негізгі бағыттар болып таңдалды.

Барлық семинарлар әлеуметтік желілерде жарияланған. Орталықтың facebook және youtube-те парақшалары бар. Толық ақпаратты Ecofermer.kz –тен ала аласыздар.

 

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.