17 қыркүйекте “Дүниежүзілік тазалық күні” өтеді

0
843
экология

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі “Дүниежүзілік тазалық күні” (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясы өтетінін хабарлады.

“Дүниежүзілік тазалық күні” (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясы 17 қыркүйекте өтеді. Акцияның мақсаты – аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін Қазақстан халқын біріктіру.

Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2021» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық әлемдік экологиялық акцияға қатысушы ретінде, «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді, – делінген министрлік хабарламасында.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастаманы қолдауды және осы акцияға қатысуды сұрады.

Comments are closed.