«Эко-сақшы» қосымшасы іске қосылды

0
650

Осы жылы  “Шелл Қазақстан” компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, еліміздің батыс өңірлеріндегі ҮЕҰ арасында “EcoBatys” жобасын  жасады. Жоба бойынша Батыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны мониторингтілеуге арналған қосымша әзірленді.  Батыс Қазақстан облысының аумағында облыстың әрбір тұрғыны «Эко-сақшы» мобильді қосымшасы арқылы заңсыз қоқыс үйінділерін анықтап, оны жоюға көмектесе алады. Жобаны «Volunteers» ЖҚБ жүзеге асыруда.

Әрі «Эко-сақшы» қосымшасының көмегімен Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласының аумағындағы барлық рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үйінділері мен қоршаған ортаға аса қауіпті зиян келтіретін нысандар (қаңырап қалған кәсіпорындар, өндірістік қалдықтардың жиналатын орындары және т.б.) жойылады деп күтілуде.

Мобильдік қосымша қазірдің өзінде Play Market-те қолжетімді. Сонымен бірге, қосымшаны әзірлеушілердің айтуынша, «Эко-сақшы» жақын арада AppStore-да қолжетімді болады, – деп хабарлайды Ecobilim.kz. «Эко-сақшы» қосымшасының тағы бір үлесі, қосымша арқылы  қоршаған ортадағы зиянды полигондарды жоюға болады.

 

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.