Эко мәдениет туралы телехикая көрерменге жол тартпақ

0
804
Ақ жауын

2021 жылдың күзінде көрерменге Қазақстан РТРК арқылы “Ақ жауын” телехикаясы жол тартты. “Ақ жауын” телехикаясының сюжеті  ірі бизнесмен мен эко белсенді қыз туралы. Телехикая көрермендерді экосауаттылыққа баулуға  тікелей әсер етеді. Эко мәдениетті қоғам қалыптастырудың алғышарттарын көрсетеді. Бас-аяғы 23 бөлімнен тұратын “Ақ жауын” телехикаясының бас продюсері: Ай – Керім Самалбекқызы. Қоюшы режиссер: Дархан Сәркенов, сценарий авторлары: Жәмит Көшербаев пен Рүстем Арсланов.
Басты рөлдерді Аян Өтепберген мен Жұлдыз Өмірғали сомдады. Телехикая бойынша қосылған екі жұптың қосындысы көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Телехикаяның теледидардағы көрсетілімінен бөлек ютуб желісіндегі көрсетілімдері 2 миллион қаралымнан асып кетті. Көпшілік көрерменнің сұрауымен телехикаяның 2-маусымы жарыққа шығатын болды.

2022 жылы телехикаяның 2-маусымына сценарий жазылып, дәл қазір түсірілім жұмыстары жүріп жатыр.

фото: qazaqtn.tv

Comments are closed.