Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

0
626

Антарктидадағы Уэдделла теңізінде Ронне мұздығының батыс жағында түзілген алып айсберг бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Бұл туралы Еуропалық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“А-76 деп аталатын айсбергтің ауданы шамамен – 4 320 шаршы шақырым. Ол қазір дүниежүзіндегі ең үлкен айсберг болып саналады”, — делінген хабарламада.

Еуропалық ғарыш агенттігінің мәліметінше, айсбергтің ұзындығы шамамен 170, ал ені 25 шаршы шақырым. Бұл Майорка аралынан сәл үлкен.

Баспасөз қызметі бұған дейін әлемдегі ең үлкен айсберг А-23А болғанын, оның ауданы шамамен 3880 шаршы шақырым екенін айтты. Ол да Уэдделла теңізінде орналасқан. Агенттік айсбергті британдық антарктикалық зерттеу қызметі анықтағанын айтты және суреттерді Copernicus Sentinel-1 спутниктік тобы түсірген.

Comments are closed.