табиғат, музыка

“Біз жоқ жердің бәрі әдемі”: қазақстандық әншілер экология проблемасын қалай қозғап жүр?

0
1367

Қазақстандық әншілердің қай әні табиғат апаты, жаһандық жылыну немесе қоршаған ортаны таза ұстау тақырыбына арналған? Әншілер қазір өзекті болып отырған экология мәселесін шығармасы арқылы қозғады ма? Ecoinfo.kz сайты қазақша әндерді тыңдап, табиғат пен тазалыққа арналғанын іріктеп шықты.

Bari biled/Ninety one

Қазақ жыршылары мен өнер иелері табиғат, тау-cуды, аң-құсты қашан да әнге қосып, әсемдігін суреттеген. Дегенмен бүгінгі әншілер дәл қазір біз кездесіп отырған экологиялық мәселелерді қозғады ма дегенде әуелі еске Ninety one тобы еске түседі. Топ жігіттері 2019 жылы Bari biled әнін шығарды. Оған арнайы бейнебаян түсіріп, сол арқылы дүниежүзінде болып жатқан апаттарды және оған адамның қатысын айтып, әндетті. “Не керегін бәрі біледі, бірақ дым істемейді” деп шырқады олар.

“Бәрі біледі” әнінің мына жолдары Жер-Ана адамзатқа апаттар арқылы үн қатып жатқанын білдіріп тұр:

Бүгін де ертең көрінбейді,
Біздің әлем гүрілдетіп дауысын үндейді
Адамдарға кекке қуаты бар және күші жоқ сүйетін:
Сендер жоғалтып алдыңдар мен берген бір қасиетті!

Қарашы, әне табиғат жылауда,
Күнде ағаштар кесіліп, құлауда.
Аспан толған тұмша шаң,
Күн көзін жұмғанда көрінбейді шамдар
Тыңда, әне табиғат жылауда,
Ол бізге ана, сондықтан да сұрауы бар,
Жер, су, от, жел,
Бір-біріне тең сондай мінсіз ең
Өзгеруді мүлдем қажет етпейді,
Керісінше, бізге өзгеру керек деп білемін
Ешқашан да кеш немесе ерте,
Жүрегі барларды өзіммен бірге ертемін,
Жалғыздың дауысы алысқа естілмейді
Дегенмен де мен оған келіспеймін
Енді ойлашы, біз бір болсақ, не болады?
Түсіндің бе, жетсе, әкел бесті бер!
Осы жолдар арқылы әншілер табиғат емес, адам өзгеруі керек екенін қозғайды.
Біз жоқ жердің бәрі әдемі
Бұл саңыраулар “мылқау әлемде”
видеодан скриншот

видеодан скриншот

Әндегі “Біз жоқ жердің бәрі әдемі” сөзі әсіресе 2020 жылы пандемия басталып, бүкіл халық үйде отырғанда өзекті болды. Дәл сол кезде табиғат жаңарып, ауа тазарып, жануарлар еркін жүре бастады. Соның бәрін көргенде әр адам “Шынымен де, біз баспаған жерлер өзінен әдемі” деген ойда қалды.
Көк сұрланды бұл түтіннен
Бірін кінәлап, бірін түртуде,
Бәрі бөлінуде біртіндеп
Бірақ жеті миллиард – бір бүтін ел.
Осы жолдар арқылы 91 тобы Жер планетасында өмір сүретін бүкіл халық бір екенін, ал Жер бәріне ортақ екенін білдіріп тұр деуге болады. Әннің бейнебаянында қаладан жасыл желек жоғалып жатқаны, атом бомбалары және тағы басқа сұмдықтар да көрсетіледі. Сонымен қатар “Бәрі біледі” әніндегі “Махаббат ренжиді, мені іздемейді деп” дегн жолдар тек адамдар арасындағы сүйіспеншілікті емес, адамның табиғатқа да махаббатпен қарау керек екенін меңзеп тұрғандай.
Tabigat/Orynkhan
Әнші Орынхан да қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керек екенін ескертіп, ән шығарды.
Әлем дамыды, зерттелді
Жер шары тоналуда
Адамзат неге ертеңін ойламай
Табиғат жоғалуда
Киіктер енді ертегі
Құндыздар барын беріп
Адамға неге жетпейді, ойына
Көз тоймай бәрін теріп.
Осы жолдарда адамзаттың тойымсыздығы салдарынан табиғи ресурстар сарқылып жатқаны айтылады. Сонымен қатар “Құндыздар барын беріп” деу арқылы әнші адамдар жануар терісін аямай сыпырып, киюін тоқтатар емес деген ойды беріп тұр. Бүгінде жануар терісінен қымбат тон кию әлі де сәннен қалмай келеді. Оны сатып алатын адамдар сол киім үшін жануар өлтірілетінін білмей де жатады.
Әлемді заңдары билейді
Табиғат көркі, сәні де
Адамды сүйгенің жетпейді
Махаббат керек бәріне
Құстардың әні жоғалып
Тұмша қала ішінде
Темір мен тасқа боялып қайтадан
Жүректер бұл әлемде.
Орынхан да 91 тобындағы әріптестері сияқты адамзат бір-бірін жақсы көруі жеткіліксіз, табиғатты да, бізді қоршаған әлемді де жақсы көріп, қорғауымыз керек деген ойды жеткізгісі келгенге ұқсайды. “Адамды сүйгенің жетпейді, махаббат керек бәріне”. Махаббат адаммен қатар жан-жануарға, ағашқа, тауға, суға, жалпы Жерге де керек. Орынханның “Табиғат” әнінен осыны аңғаруға болады.
Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.