Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы қоқыспен қалай күреседі?

0
1084

Елімізде ерекше қорғалатын аумақты тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен көмгені үшін, сонымен бірге қоршаған ортаға келтірілген зиянның басқа түрлері үшін жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, табиғатты аялауды түсіндіру, үгіттеу халықтың бір бөлігіне әсер етіп жатқан жоқ.

Қазақстанның мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарының аумағында санитарлық нормаларды сақтау бойынша 1863 рейд жүргізілді. Тексеру барысында 118 орманды тұрмыстық қалдықтармен көму фактісі анықталды. Ұлттық саябақтар аумағынан 778 693 адам барған соң 978 тонна қоқыс жиналған.

Экология министрлігі қоқыстан бас тарту мен табиғи аумақтардың ластануын қылмысқа көшіретін уақыт жетті деп есептейді.

“Қылмыстық кодекстегі теріс қылық санатын қылмыс санатына ауыстыру және құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаны қатайту ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жауапкершілігін арттырады”, – деді комитет төрағасының орынбасары.

Заңды қатаңдату ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, қоқыс тастау, жерді бүлдіру, жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу мәселелеріне әсер етеді.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы 26,2 млн га (ел аумағының 9,6%) құрайды. Оның ішінде заңды тұлға мәртебесіндегі жер учаскелері 7,6 млн гектарды немесе ел аумағының 2,78%-ын алып жатыр.

Comments are closed.