Алматылықтар “таза ауа үшін” митингіге шықты

0
906

Алматыда алғаш рет таза ауа мәселесі үшін митинг өтті. Экология жанашырлары сағат 12.00 шамасында Алматыдағы Ғылым ордасының алдындағы алаңға жиналды. Келісім бойынша пикет 14.00-де аяқталуы керек болды. 2 сағаттың ішінде қоғам өкілдері, қала тұрғындары өз пікірін айтып, халықты таза ауа үшін күресуге шақырды.

Айта кетейік, таза ауа үшін өткен митинг Алматы әкімдігімен келісілген. Экологиялық митингке 200-ге жуық адам жиналды. Пикетті «Таза ауа Алматы» экологиялық қозғалысы, HAQ қауымдастығы, «Алматы таза ауа және су» акциясы топтары мен экобелсенділер ұйымдастырды.

Ecoinfo.kz таза ауа үшін өткен митингтен фотолар ұсынады:

Comments are closed.