Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

Фото: Pixabay.com
Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды. Оның аумағы – 58,9 мың гектар. Бұл туралы Twitter-де Экология министрі Серікқали Брекешев жазды.
Үкіметінің 2021 жылғы №867 Қаулысына сәйкес, “Ұлытау” Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі құрылды.
“Ұлытау” табиғи паркі Қарағанды облысында құрылды.
Паркті құрудағы мақсат – ерекше экологиялық және ғылыми құндылығы бар мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау және қорғау. Бұл – еліміздегі 14-ұлттық парк.