Экологиялық кодекс мәселелері бойынша “жедел желі” іске қосылды

0
1403
жедел желі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа Экологиялық кодекс нормасын қолданысқа енгізуге байланысты барлық сұраққа тез арада жауап беретін “жедел желіні” іске қосты. Бұл халыққа Экокодекс туралы толық ақпарат алу ыңғайлы болуы үшін жасалды. Енді азаматтар мына байланыс нөмірі бойынша хабарласып, жауап ала алады:

+7 778 888 11 57

+7 7172 740218

Азаматтар ресми сұрау жібермей-ақ, “жедел желіге” жүгіну арқылы құжаттың баптарына, тармақтары мен нормаларына қатысты түсініктеме ала алады. “Жедел желі” жұмыс күндері сағат 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы жаңа Экологиялық кодекске қол қойды. Құжат өмір сүруге қолайлы ортаны қамтамасыз ету, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына ерекше назар аударады.

Comments are closed.