Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, елімізде 130-ға жуық қар барысы бар. Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.
“Олар 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейді: Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Көлсай көлдері, Катон Қарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын Емел МҰТП, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтарында”.
Фототұзақ арқылы “Алтын-Емел” МҰТП аумағын да қар бырысы мекен ететіні анықталды. Мұнда қар барысының отбасы тіркелген.
Қар барысы 2 700-5 000 метр биіктікте өмір сүреді. Құйрығының ұзындығы 1 метрге, денесінің ұзындығы 2,1 метр жететіндері де кездеседі.
Жер бетіндегі қар барысының жалпы саны — 4-6 мың аралығында. Қар барысы Қазақстаннан басқа Қытай, Моңғолия, Индия, Непал, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Бутан, Өзбекстан жерлерінде де кездеседі.