Президент биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы заңға қол қойды.

0
35
Каспий теңізі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Президент “Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойды”, — делінген хабарламада.

Бұған дейін заң жобасын Парламент палаталарының депутаттары мақұлдаған еді.

Хаттаманың мақсаты — Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігі мен экожүйесінің өміршеңдігі мен тұтастығын қорғау, сақтау және қалпына келтіру, сонымен бірге биологиялық ресурстарды орнықты пайдалануды қамтамасыз ету.

Осыған байланысты Каспий маңы мемлекеттері жойылып кету қаупі төнген түрлерді және осал экожүйелерді олардың ұзақ мерзімді өміршеңдігі мен алуан түрлілігін қамтамасыз ету үшін сақтауға, сонымен қатар сақтық шараларын қабылдау қағидатына сәйкес түрлердің, мекендеу орындары мен экожүйелердің нашарлауын, тозуын және залал келуін болдырмауға уағдаласты.

Comments are closed.