Нұр-Сұлтанда Дармарка өтеді
Нұр-Сұлтанда “Дармарка” экологиялық жәрмеңкесінің апталығы басталды. Іс-шараны StopMusor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Дармарка дегеніміз – тегін жәрмеңке. Онда қатысушылар енді пайдаланбайтын жақсы күйдегі заттарын алып келіп, оның орнына өзіне ұнаған затты таңдап алады.
Дармаркаға қатысу үшін заттар 2-12 ақпан аралығында жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.30-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Темірқазық көшесі, 65, Экономика үйінде қабылданады (Үйлестіруші: Асыл +77473838301).
Дармарка заттарға жаңа қожайындарды тауып беріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады. Бұл – қоғам мен қоршаған ортаны саналы тұтыну мен тұрақты дамыту жолындағы қарапайым қадам.
“Stop musor” жобасы сізді қатысуға және таза ауа мен мөлдір суды сақтауға өз үлесіңізді қосуға шақырады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
барлық зат таза және жақсы күйде болуы керек. Кітаптар, керек-жарақтар, балалар ойыншықтары қабылданады.
Ұйымдастырушылар жоба парақшасында жиналған заттардың тізімін жариялайды және ниет білдірушілер оларды 13 ақпанда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы: Мәңгілік Ел даңғылы, 55, Астана ЭКСПО аумағы, С1.4 павильонына келіп ауыстыра алады. Байланыс нөмірі: 8702-414-18-98
Stop Musor жобасы халықтың экоақпараттық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жоба аясында арнайы Stopmusor.kz сайты әзірленіп, іске қосылған. Сонымен қатар жобаның әлеуметтік желілердегі парақшасына жазыла аласыз: https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz.
“StopMusor” әлеуметтік жобасын “Филип Моррис Қазақстан”ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы іске асырып келеді.