Мегаполис тұрғындары көшеде қоқыс тастағандарға бейжай қарамады

0
1071
Арбат

Қазақстан экологиялық ұйымдар ассоциациясының еріктілері әлеуметтік эксперимент жасады. Волонтерлар Алматы мен Нұр-Сұлтандағы халық көп жүретін көшеге қоқысты лақтырып кетіп, тұрғындардың реакциясын бақылады.

Бірінші эксперимент Алматының “Арбатында” өтті. Видеода волонтер телефонмен сөйлесіп бара жатып, қолындағы сусынның бөтелкесін жерге лақтырып жібереді. Мұндай іске тұрғындар бейжай қарамайды екен.

Видеоны мына жерден көре аласыз.

Көшедегі адамның біразы волонтерға ескерту айтты. Кейбірі үндемей, қоқысты жерден алып, жәшікке салып кетті. Тәртіпсіздікті көрсе де, ештеңе айтпай кете бергендер болды.

Дәл осы эксперимент Нұр-Cұлтанда да ұйымдастырылды. Елордалықтардың басым бөлігі әдейі тасталған қоқысқа наразылығын білдірді.

Видеоны мына жерден көре аласыз.

Тұрғындар волонтерға бірден ескерту жасап, қоқысты арнайы жәшікке салуын сұрады. Үлкен кісілер жас еріктіге ақылын айтып, көшені таза ұстауды өтінді.

Қазақстанда жыл сайын 4,5-5 тонна қатты тұрмыс қалдығы жиналады. 2020 жылы барлық қалдықтың 18,3%-і ғана қайта өңделіп, пайдаға асты. 2020 жылы бір Алматыда 24 стихиялық қоқыс алаңы анықталып, жойылды.

Қоқысты арнайы жәшікке тастаңыз!

Comments are closed.