құстар

Жылда болатын “Қамқорлық дәні” науқаны басталды

0
864

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы қыстап қалатын құстарды азықтандыруға бағытталған “Қамқорлық дәні” науқанына қатысуға шақырады. Акция жыл сайын 1 желтоқсан мен 15 наурыз аралығында өткізіледі. Суық мезгіл басталғанда құстар, әсіресе олардың балапандары азық аулауға, табуға қиналады. 

“Көптеген құстар суық ауа райынан және азық жетіспеушілігінен өліп кетеді. Мұндай жағдайда біз оларға көмектесе аламыз. Құстарды күнделікті тамақтандыру арқылы оларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, суықтан аман шығуына атсалысайық. Құстардың өмірін сақтай отырып, әр адам өз ауласындағы, аймағындағы ағаштардың жағдайын жақсарта алады”, – дейді ассоциация мүшелері.

Науқанға қалай қатысуға болады?

1. Құстарға жем салатын астау дайындаңыз немесе сатып алыңыз.

2.  Астауды құстар жүрген қолайлы жерге орнатыңыз.

3. Күнде астауға жем салып отырыңыз.

4. Қаласаңыз, құстарды фотоға, видеоға түсіріп, #зёрнатепла #қамқорлықдәні #кормимптицсАСБК хэштегтерімен әлеуметтік желіде бөлісіп отырыңыз.

Құстарды қалай азықтандыру керек?

– күнбағыс тұқымдары (тұзсыз және қуырылмаған);

– тары, сұлы, бидай;

– май және ет (тұзсыз).

Тұздалған және қуырылған тағамдар, қара нан, көп мөлшердегі тары, бұзылған тағам құстарға жарамайды.

құстар

Құстарды азықтандыруға қатысты толығырақ мына Facebook парақшадан біле аласыз.

“Егер әлеуметтік желіде парақшаңыз болмаса, pr@acbk.kz электрон поштасына фото-видеолар жіберуіңізге болады. Науқан туралы ақпаратпен бөлісе жүріңіз. Бұл туралы неғұрлым көп адамдар білсе, соғұрлым көп құсты сақтап қала аламыз!”, – деп жазды Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы.

Мұндай науқан не үшін қажет?

  • Біріншіден, сіз құстардың қорек тапшылығынан аман қалуына көмектесу арқылы жақсы іс жасайсыз.
  • Екіншіден, бұл – өте қызық іс! Астауға келетін құстардың оннан астам түрін бақылауға болады. Қоректендіргіш түріне қарай, бұл сұр шымшық, жау торғай, көгершіндер болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде жолақ, шағын және сақиналы түркептер де бар. Әдетте құсқа арналған астауға сауысқан, қара сайрақ, және басқа құстар жем іздеп келеді. Ал сіз жасаған астауға қандай құс келетінін өзіңіз бақылап көріңіз.

Comments are closed.