ет өнімі

Енді Хельсинкиде үлкен жиындар мен жәрмеңкелер ет өнімдерінсіз өтеді

0
688

Осылайша Финляндияның вегетариандары жеңіске жетіп отыр.

Финляндия билігі азот оксидінің табиғатқа бөлінуін азайту үшін шешуші шаралар қабылдап жатыр. 2022 жылдан бастап Хельсинки қаласындағы жәрмеңкелерден, шеберханалардан және басқа да қоғамдық шаралардан ет өнімдері жойылып, вегетариан және балық тағамдары ас мәзірінің негізіне айналады. Сонымен қатар ел бөтелкедегі сусындар мен бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтардан бас тартуды жоспарлап отыр.

“Бұл шара азот оксиді шығарындыларын азайтуға көмектесуге арналған. Өйткені оның көмірқышқыл газына қарағанда 300 есе көп парниктік әсері бар. Ал мал шаруашылығы – осындай қалдықтарды шығаратын негізгі “өндірушілердің” бірі”, – дейді қала әкімдігі.

Бүкіл Еуропа бойынша көптеген тағамдық қызмет көрсету орындары жаңа мәзірлерге ауысып, қоршаған ортаға әсерін азайту үшін тағам дайындаудың тұрақты әдістерін қолданып жатыр.

Comments are closed.