1 сәуір – Халықаралық құстар күні

0
2312
құс

1 сәуір экологиялық мерекелердің бірі – құстар күні. Дүниежүзі экологтары мен орнитологтары осы күні құстарды сақтауға және олардың сирек кездесетін түрін қорғауға шақырады. 

Қазақстанда 21 отрядқа және 61 тұқымдасқа жататын құстың 500 түрі кездеседі. Оның 90 түрі отырықшы, 313-і қоныс аударатын, 68–і ұшып келетін, 29–ы ұшып өтетін құстар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” құстардың он екі отрядының 57 өкілі кіреді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құстар мекендейтін жерлерге мұқият болуға, олардың ұясын бұзбауға шақырады.

Биоалуандықты сақтау қауымдастығы Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп проблемаларға назар аудару үшін жыл сайын “Жыл құсы” ақпараттық науқанын өткізеді.

Жыл басында “Жыл құсы – 2021” бірқазан болды деп хабарланған еді. Бірқазандардың санына судың жеткілікті болуы ғана емес, сонымен қатар оның тазалығы да әсер етеді. Жақсы жемшөп базасы, яғни балық қоры өте маңызды. Бақылаусыз балық аулау факторы бірқазандарға зиянын тигізеді.

Бірқазандар заңмен қорғалады. Олар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сонымен қатар бірқатар негізгі орнитологиялық аумақтарда өмір сүреді. “Бірқазан жылында” түрдің негізгі аумақтарын анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту жоспарланып отыр.

Толығырақ:

Astana.tv арнасы Таяу Шығыстағы ұрысқа байланысты елімізде қоныс аударатын құстардың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Мезгілге қарай көшіп жүретін құстардың көші-қон жолы Сирия арқылы өтеді екен.

Зерттеушілер құстардың қарулы қақтығыстар кезінде өлетінін хабарлап отыр. Осы себепті бұрын Қазақстанда қанатты құстардың алуан түрлілігі болса, қазір тіпті бозторғай сирек кездеседі.

Толығырақ:

Comments are closed.