“Myecoschool” жобасы қазақстандықтардың экомәдениетін арттыруға ұмтылады

0
1679

Қазақстан экология мәселесін жылдан жылға күшейте бермекші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды экологиялық мәдениет қалыптастыруға шақырды. «Елімізде экологиялық проблемасы жоқ бір де бір аймақ қалмады. Бұл көңіл алаңдатарлық жағдай. Сондықтан осы бағытта батыл қадамдар жасауымыз керек» – деді ол. Осыған орай, еліміздің экологияға жауапты барлық мекемелері арнайы жұмыс жасап жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және оның жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» елдегі экологиялық жобаларды
танымал ету, көпшілікке үлгі етіп көрсету жұмыстарын жалғастырып
жатыр.

Соңғы жылдары сәтті жұмыс жасап жүрген осындай жобалардың бірі
«Myecoschool» жобасы. 2017 жылдан бері «Менің Экомектебім» атты байқау өткізіліп келеді. Ол – еліміздің бірнеше өңіріндегі орта мектептер мен балабақшалар қатысып жатқан білім беру жобасы. Мақсаты – балалар мен ересектердің табиғат пен қоршаған ортаға дұрыс көзқарасын қалыптастыру, олардың көмір мен газды аз қолдану саясаты туралы білімін арттыру. Жобаны «ӨКМ операторы» серіктестігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасымен, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей, Теміртау әкімдіктерімен және «Жас ұлан» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге қолға алған.

«ӨКМ операторы» серіктестігі – Қазақстан Үкіметінің елде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі (ӨКМ) қағидасын іске асыру үшін құрған кәсіпорны. Негізгі қызметі – өндіріс пен тұрмыс қалдықтарын басқарудың бірыңғай жүйесін құру, қоқыс жинау, тасымалдау, өңдеу, жою саласын инфрақұрылым жағынан дамыту, өнеркәсіпке «жасыл» технологияларды енгізу. Тауар өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі дегеніміз – өнеркәсіптің қоршаған ортаға зиянын азайтуға және зиянды өнім өндірушілердің қоқыс өңдеуге қатысты жауапкершілігін күшейтуге бағытталған стратегия.

«ӨКМ операторы» қоғамда, әсіресе жас ұрпақ арасында экология мәдениетін қалыптастыруды қызметінің басым бағыты етіп алып, ауқымды жобалар легін іске асырып жатыр. «Менің Өмір Экомектебім» байқауы – сол үлкен ақпарат-насихат жұмысының бір бөлігі. Байқау ересектер мен балалардың Қазақстанда жасалып жатқан Көміртегісі аз даму стратегиясы (көмір мен газды қолдану деңгейін төмендету) бойынша білімін кеңейтуді және білім
беру мекемелері мен азаматтық қоғамды осы бағыттағы экологиялық тәрбие бастамалары төңірегіне біріктіруді көздейді.

2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың тамызына дейін бұл жобаға Нұр-Сұлтан мен Петропавлдағы, Семей мен Теміртаудағы орта мектептер, балабақшалар мен қосымша білім беру мекемелері және оларға әлеуметтік қолдау көрсетуші азаматтар мен ұйымдар қатысты.

Байқауға қатысушы ұжымдар мынадай міндеттерді атқаруы керек болды:

Көміртегісі аз өндірісті дамыту ұғымы шеңберінде біріктірілген
экологиялық білім беретін жүйе жасау;

Балалар мен ата-ананың тұрмыстың қатты қалдығын іріктеп жинау,
«жасыл» көлікті пайдалануды насихаттау және табиғи ресурстарды
үнемдеу бағытындағы жұмысын ұйымдастыру;

Білім беру процесіне Көміртегісі аз даму стратегиясы компоненттерін
енгізу;

Оқушылар мен ата-ананы қоршаған орта тазалығын сақтауға
ынталандыратын бұқаралық ақпарат кампаниясын жүргізу;

Байқаулар өткізіп, білім беру мекемелерінде құрылатын экокомитеттер мен «жасыл» патрульдер жұмысының тиімділігін көрсету;

«Қалдықты А-дан Я-ға дейін кәдеге жарату», «V-переработку»,
«Астананың жасыл белдеуі», «Энергияны тиімді пайдаланатын мектеп, үй, пәтер», «Экосағат», «ЭкоАсар» акцияларына қатысу;

Мектеп пен ол орналасқан ықшамаудан аумағында көміртегіні аз
қолдану жобасын жасау;

Көміртегіні аз қолданудың үздік халықаралық тәжірибесін
насихаттайтын кәсіби білім беру алаңдарын жасау;

Энергияны тиімді пайдалану мен табиғи ресурстарды үнемдеу жөнінде балалар мен педагогтардың байқауды ұйымдастырушылардың талабы бойынша қолға алған бастамалары мен экологиялық модельдерін қолдау;

Экология бағытындағы әлеуметтік-азаматтық бастамаларды,
эковолонтерлықты қолдау.

Байқауға төрт өңірден барлығы 307 білім беру мекемесі 1000-нан астам жұмыс ұсынды. Жоба серіктестерімен бірге YouTube-платформа ашылып, барлық шара, барлық жұмыс содан көрсетілді. Күн сайын үздік материалдар Myecoschool.kz сайтында жарияланып отырды. Сонымен бірге 12 өңірде оқушылар, педагогтар, ата-ана, басқа да азаматтар қатысқан 46 вебинар өтті. Адамдардың тұрмыс қалдығын сұрыптап жинау туралы түсінігін кеңейтуді көздейтін «ЭкоАсар» бастамасы кең қолдауға ие болды. Акция нәтижесінен түскен қаражат әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы оқушыларына 12 ноутбук сатып алуға және панасыз жануарларды бағуға жұмсалды. Балабақшалар мен мектептердің тұрмыс қалдығын дұрыс сұрыптап шығару арқылы табыс табу тәжірибесі өзге өңірлерге тарай бастады.

Ауқымды байқаудың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтаннан «Қошақан» балабақшасы мен №83 мектеп-гимназия, Петропавлдан «Алтын бесік» бөбекжайы, Семейден №3 мектеп-кешен, Теміртаудан №16 мектеп пен «Алтынай» балабақшасы жеңімпаз атанды. Оларға «Қазақстанның үздік экологиялық білім беру ұйымы» платина сертификатының иегері» атағы берілді. Байқау әрі қарай жалғаса береді және оған қатысатын өңірлер қатары да көбеймек.

2020 жылдың қазанында байқау одан әрі жалғасты. Біз «ЭкоАсар» акциясын төрт рет өткізуге бастама көтердік, ол экологиялық білім
берудің жаңартылған практикалық-бағдарлық моделін жасауға жол ашады. Байқау үш кезеңнен тұрады: тәжірибелерді талдау, енгізу және жобаны қорғау. Жаңадан басталған байқау үздік жобаларды талдау кезеңінде. Әр жобаның тәжірибеге енгізілуін бағалаймыз.
Байқау аясындағы «ЭкоАсар» акциясы жобаларын тәжірибеге енгізудің алғашқы нәтижесі де белгілі болды, – дейді «ӨКМ операторы» ЖШС экологиялық білім беруді насихаттау жөніндегі сарапшысы Татьяна Немцан.

Сәдуақас Кебейбай

Leave a reply