өндіріс, зауыт, жасыл кеңсе, экология

Қазақстандық 30 компания “Жасыл кеңсе” конкурсының жеңімпазы атанды

0
1005

22 қазан күні Нұр-Сұлтанда кезекті “Жасыл кеңсе” III республикалық конкурсының қорытындысы шықты. Байқау отандық компанияларға өзінің экологиялық саясаты мен энергия үнемдеу тәжірибесін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған. Жеңімпаздар қатарында – еліміздің ең танымал кәсіпорындары мен компаниялары бар.

Конкурстың мақсаты – үздік экологиялық тәжірибелер мен жасыл кеңселерді, ресурс үнемдеуді, сонымен бірге қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасайтын корпоративтік бағдарламаларды танымал ету. Қазылар алқасы 100 үміткерден қазақстандық экономиканың 30 “жасыл” көшбасшысын атап өтті. Олардың ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және сервис мекемелері бар. Қызметкерлер үшін салауатты еңбек жағдайларын жасау, ресурстарды үнемдеудің заманауи тәсілдері, қалдықтарды сұрыптау және өңдеу бойынша жұмыстар бағаланды.

Конкурс 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен он номинация бойынша өтіп келеді. Оған мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, коммерциялық және сауда құрылымдарының, индустрияның, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қатысты. “Жасыл” экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы” конкурсын ұйымдастырушы 15 сәуір мен 15 қыркүйек аралығында он бағыт бойынша 100-ден астам өтінім қабылдады. Олардың ішінен 30 жеңімпаз іріктелді.

Конкурс жеңімпаздарының бірі – Қазақстанда танымал балмұздақ өндіруші “Шин-Лайн” компаниясы. Бүгінде компания эколог-инженер Динара Сыдықованың басшылығымен бизнес-серіктестермен өзара әрекеттесудің, қызметкерлер командасының өз тәжірибесі мен бастамаларының арқасында елеулі нәтижелерге қол жеткізе алды. Ресурстарды пайдаланудың “ақылды технологияларын” енгізу, энергия шығындарын азайту, өз ұңғымасынан суды пайдалану және оның шығындарын есепке алу, қызметкерлерді экология саласында оқыту, артық сатып алудан бас тарту, үй-жайларды жинаудың қауіпсіз құралдары мен технологияларын пайдалану, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге беру – бұл компанияның бүгінгі таңда “Жасыл кеңсе” құрметті мәртебесін алу үшін қабылдаған қадамдарының бір бөлігі ғана.

“Біздің кәсіпорынның өндірісті техникалық жаңғыртуда мол тәжірибесі бар. “Жасыл кеңсе” біз үшін бұл ең алдымен жауапкершілік: ресурстарды (су, жылу, электр энергиясы) үнемдеу негізінде бизнес жүргізу, яғни қоршаған ортаның ластануын азайту. Мұндай тәсіл жалпы қаражатты тиімді сақтайды және қызметкерлерге еңбек жағдайларын жасауға, өңірдің және жалпы жергілікті қоғамдастықтың экологиялық әл-ауқатына қатысты біздің тәсілдерімізді жетілдіруге мүмкіндік береді”, – деп бөлісті “Шин-Лайн” ЖШС бас директоры Владимир Пак.

Компанияның балмұздақты жеткізу үшін пайдаланылатын көлігі қатты бөлшектердің катализаторларымен және отынды жағу жүйесімен жабдықталған Еуро 5 стандартымен ғана сатып алынады. Бұл экологиялық көрсеткіштерді жақсартады және атмосфераға шығарындыларды айтарлықтай азайтады.

Кәсіпорын “Жасыл кеңсе” қозғалысының бағыттарын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды және 2025 жылға қосымша су шығындарын 10%-ға, электр энергиясын 20%-ға азайтуды, бұл ретте қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге беру көлемін 40%-ға ұлғайтуды, қоғамдық кеңсе кеңістіктерін көгалдандыруды 35%-ға жүзеге асыруды және құрылыс жұмыстары басталғанға дейін бос жерлерде, сонымен біргк іргелес учаскелерде кезең-кезеңімен ағаш отырғызуды іске асыруды, жергілікті қоғамдастықтың эко бастамаларына белсенді қатысуды және қолдауды жоспарлап отыр.

“Күн сайын көптеген компания мен ұйым “жасыл кеңсе” экологиялық идеясына қосылып жатыр. Айтарлықтай қарапайым әрекеттердің көмегімен табиғи ресурстарды пайдалануды азайтуға болады. Конкурстың барлық қатысушысы электр энергиясын тұтынуды азайтуға, жылу энергиясын үнемдеуге, ластануды азайтуға, қалдықтарды дұрыс кәдеге жаратуға, қағазды пайдалануды азайтуға бағытталған. Болашақ қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосатын осындай тұрақты кеңселер мен өндірістерде болады”, – деді “Жасыл” экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының» Атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.

Тағы оқыңыз: Ірі компаниялар кеңседен шыққан қалдықты қалай сұрыптай алады?

Comments are closed.