Экологтар табиғатқа зиян келтірудің 304 дерегін анықтады

0
1007
Ұлттық парк, табиғат

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр экологтар 95 нысанды тексеріп, 9 мыңға жуық сынама алды. Нәтижесінде табиғатқа зиян келтірудің 304 дерегін анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Экология департаментінің мәліметінше, 95 нысаннан анықталған 304 деректің 254-і – рұқсат етілген концентрацияны асыруға байланысты. Бір кәсіпорынға 42 мың теңге айыппұл салынды. Жалпы сомасы 7 миллион теңгенің 16 кінәрат-талабы ұсынылды. Қоршаған ортаны мұнай өнімдерімен ластаудың 3 дерегі анықталып, кінәлілерден келтірілген шығын – 752 мың теңге өндірілді.

“Су, атмосфералық ауа және табиғи гамма-фон деңгейін тексеру мақсатында Петропавлдың және облыстың 26 нысанында мониторинг бақылау жүргізілді. Оның 10-ы суға, 12-сі ауаға және 4-еуі табиғи гамма-фонға қатысты нысандар. Олардың ешқайсысында табиғатқа зиян келтіру деректері анықталмады”, – дейді СҚО Экология департаменті бөлімінің бас маманы Елена Мазик.

Ал қыркүйекте экологтар Полиция департаментімен бірге жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Мақсат – қоршаған ортаға көп мөлшерде улы газ бөлетін көліктерді анықтау. Нәтижесінде екі күн ішінде 22 автокөлік тексеріліп, 9-ына айыппұл салынды.

Comments are closed.