Брижит Бардо Қазақстан президентіне үшінші рет хат жазды

0
791
ит

Франциялық киноактриса Брижит Бардо Қасым-Жомарт Тоқаевқа үшінші мәрте хат жазып, “Жануарларды қорғау туралы” заңға тоқталды.

Хатта актриса Парламентте қаралып жатқан “Жануарларды қорғау туралы” заңды оң атап өткен. Бардо “жақсы позиция” деп атаған нәрселерді тізіп жазды: жануарларға зорлық-зомбылықсыз қарау, жауапкершілікпен қарау, дельфинарийлерге тыйым салу, жылжымалы және хайуанаттар бағына тыйым салу, иттер мен мысықтарды тамақ ретінде тұтынуға тыйым салу.

Хаттың мақсаты – “қорғансыз достарымызды қорғап қана қоймай, оларды өлтіруді заңдастырып, қорқытатын” кейбір мақалаларға назар аударту.

Актриса заңнамадағы 25-баптың бесінші тарауына назар аударды. Онда былай деп жазылған: “Қаңғыған жануарлардың санын кез келген тәсілмен, соның ішінде у және басқа да химиялық заттарды қолданып, өлтіру арқылы реттеуге тыйым салынады”. Сонымен қатар ол 24-баптағы “жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру қызметін тіпті жеке кәсіпкерлер де жүзеге асыруы мүмкін” деген сөйлемді атап өтті. Бардо бұл нормаларды қайшылықты және “зорлық пен озбырлықты қолдануға жол ашатын қауіпті екіұштылық” деп атады.

Актриса “Қазақстан қаңғыбас иттерді өлтіру арқылы олардың санын бақылаудың ескі және тиімсіз тәжірибесін жалғастырады” деп есептейді. Бардо Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығы ұйымының ұсыныстарына сілтеме жасады. Онда қаңғыған жануар санын реттеудің тиімді, этикалық және жауапты әдісі бар. Мысалы, қаңғыған жануарларды ұстау, зарарсыздандыру, вакцинациялау, чиптеу және келген аймағына қайтару.

Брижит Бардо заң жобасында “өлтіру” сөзі 20 рет айтылғанын атап өтті.

Хаттың толық нұсқасы: Брижит Бардоның Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хаты

Comments are closed.