Қазақстан “Климат сағаты” жобасына қосылды

0
1597
Климат сағаты

Экологиялық проблемалардың шегі жоқ. Дүниежүзінің кез келген мемлекеті, кез келген бұрышы бұл мәселемен соқтығысады. Олардың кейбірі аз-аздан тек бірнеше экожүйеге әсер етсе, басқасы біздің үйреніп қалған өмірімізді күрт өзгерте алады.

Осы мәселенің маңызын түсіне отырып, Қазақстан климат зерттеушілері, экологтар мен белсенділер қолдайтын “Климат сағаты”(Climate clock) халықаралық жобасына қосылды.

“Климат сағаты” дегеніміз –  дүниежүзілік климаттық дағдарыстың басталуын кері есептеп тұрған таймер. Ол – дүниежүзінде қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін алдын ала сезуге болатын шара. Cағат 2015 жылы Нью-Йоркте іске қосылған.

Бұл таймер климаттық апокалипсисті міндетті түрде хабарлай алады деген сөз емес. Тек осы жеті жылда әлем елдері толығымен жаңартылатын энергия көзіне ауысуы керек. Әйтпесе біз өте маңызды белгілі-бір температура шегін аттап өтеміз және оның салдары апатты болуы әбден мүмкін. Міне, “Климат сағаты” – осыны ескерту мақсатында қолға алынған шара.

“Климат сағаты” жобасы бұрын Нью-Йорк пен Берлинде басталған еді. Биыл тізімге Париж бен Женева қосылды. Ал Қазақстаннан Citix компаниясы серіктес болып, Алматының орталығында климат сағатты орналастырды. Бұл жоба табиғатты қорғауда көп нәрсе өзімізге байланысты екенін еске салып тұрады.

Нью-Йорктегі климат сағаты

Алматыдағы “Климат сағаты” Сәтпаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан.

Дегенмен табиғаттың ластанбауы бір таймерге байланып қалған нәрсе емес. Табиғатты таза күйінде сақтап қалуға көмектесетін әр адамның қолынан келетін бірнеше әдіс бар:

Аса қажет болмаса, жаңа нәрсе сатып алмау

Тұрмыс қалдығын сұрыптау, қайта өңдеу

Қоғамдық көлікпен жүру

Арнайы шоперді қолдану

Арнайы бөтелке алып жүру

Comments are closed.