Қоршаған ортаны қорғау саласындағы “Елім-ай” байқауы 10 қыркүйекке дейін жалғасады

0
43
"Елім-ай" байқауы

2021 жылғы 10 тамызда қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Елім-ай» II республикалық сыйлығын тағайындау бойынша байқау басталды.

2021 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасатын байқау аясында Экология және биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы заңды және жеке тұлғалар өз номинанттарын әртүрлі санат бойынша ұсына алады.

“Елім-ай” сыйлығын “Республика-Өңір-Даму” ҚҚ тағайындаған және 2020 жылдан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Сыйлық жыл сайын қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларға табиғатты ұтымды пайдаланғаны, табиғатты қорғау мақсатындағы ғылыми қызметі үшін беріледі.

Арнайы құрылған комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және сыйлық алуға үміткерлерді іріктейді. Байқау нәтижелері 2021 жылғы 19 қыркүйекте Халықаралық орманшылар қызметкерлері күні жарияланады.

Сыйлықты марапаттау рәсімі ҚР Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында – қазанның үшінші жексенбісінде өтеді.

Байқау жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша марапатталады:
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі үздік инспектор;
Үздік орманшы;
Үздік балық өсіруші;
Ең жақсы панажай;
Үздік ұлттық парк;
Үздік қорық;
Үздік волонтер;
Табиғатты қорғау туралы үздік журналистік материал;
Жануарларға арналған ең жақсы баспана;
Жасыл қала.

Лауреаттар “Елім-ай” сыйлығының атаулы мүсіншелерімен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Comments are closed.