Recycle birge ұйымы 300 келіден аса қалдықты қайта өңдеуге өткізді

0
641

Recycle birge және Darmarka Almaty ұйымы бірігіп, Алматыда 3 қазан күні жәрмеңке өткізетінін хабарлаған едік. Дармарка ойдағыдай өтіп, ұйымдастырушылар жәрмеңке нәтижесінде қанша қалдық жиналғанын хабарлады.

Атап айтқанда:

Пластик қалдықтары — 78,6 келі
Шыны (түссіз, жасыл және қоңыр түсті) — 97,8 келі
Картон — 112,1 келі
Алюминий — 17,4 келі
Қалайы консервілер мен қақпақтар — 10,7 келі

“Барлығы 316,6 келі қалдық полигонға түсіп, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін еді. Бірақ олар екінші өмірге ие болды. Жиналған барлық қалдық Ecosen қалдықтарды қабылдау орталығына өткізілді”, – деп жазды Recycle birge жобасының өкілдері.

Сонымен қатар Дармарканы ұйымдастырған Recycle birge жобасы мына заттарды жинап, қайта өңдеуге тапсырды:

Құрамында сынабы бар қалдықтарды @too_ecoalmaty-ға;
Электрон қалдықтар мен батареяларды @util.kz-ке;
@olgamosaic.kz үшін шамамен 30 келі керамика мен фарфордан жасалған ыдыс-аяқ және саяхаттан келген монеталар жиналды;
@veda.yaga үшін шарап тығындары;
@leila.eco эко-фермерге арналған қайта пайдалануға болатын заттар;
@masp.almaty жұмысына арналған джинсы заттар, сүлгілер, орамалдар және төсек жабдығы.

Ұйымдастырушылар жәрмеңке нәтижесінде мынадай қорытындыға келді:

  • Қалдықтарды бөлек жинау маңызын түсінетін және тұрақты дамытуға бет бұрған адам саны артып келеді;
  • Тіпті өтіп бара жатқан адамдар да, қызығушылық танытып, еріктілер ретінде акцияға қосылып, экологиялық қоғамдастығымыздың бір бөлігі бола алды;
  • Экоеріктілер қатарында мектеп оқушылары көбейіп жатыр;
  • Акцияда біз ескі достарымызды көрдік және мақсаты ортақ жаңа пікірлестерімізбен таныстық.

“Жағдай жақсы жаққа өзгеріп жатыр. Әрқайсыңыз, әрбір әрекетіңіз – біздің жарқын және таза болашағымызды қалайтын кірпіш”, – деді жоба ұйымдастырушылары.

Келесі Дармарка қашан, қайда болатыны жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларында немесе біздің сайтымызда хабарланады. Жаңалықтан құр қалмаңыз.

Comments are closed.