Тағы бір табиғи апат: Түркия қалаларын су шайды

0
1426
Түркиядағы су тасқыны

Орман өрті басылмай жатып, Түркияда су тасқыны болды, деп хабарлайды Zakon.kz  Vesti.ru-ға сілтеме жасап.

11 тамызда Қара теңіз жағалауындағы Бартин, Кастамону, Синоп және Самсун провинциялары су астында қалды. Бір адам қаза тапты, жараланғандар да бар, тағы бір адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды Associated Press.

Түркияның батысы қызыл жалынмен алысып жатқанда, солтүстігінде тоқтаусыз нөсер жаңбыр жауып, алапат су тасқыны болды. Тасыған су көліктерді шайып кеткен. Тұрғындар үйінің төбесіне шығып, жан сақтауға мәжбүр болды.

Кастамону провинциясының Бозқұрт қаласы су тасқынынан қатты зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, елді-мекенді 10 минут ішінде су басқан. Кей жерлерде су деңгейі үш-төрт метрге көтерілген.

Түрік ақпарат құралдары бұл аймақтағы су тасқынына бөгеттің бұзылуы себеп болуы мүмкін деп болжады, бірақ Кастамону губернаторының әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Табиғи апат басқа өңірлерде де қиын жағдай туғызды. Көпірлерді, жолдарды су тасқыны шайып, электр желілері үзілді. Жараланғандар мен жоғалғандар бар. Зардап шеккен аудандарда ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Comments are closed.