Бір күнде 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

0
460
сенбілік

18 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде World CleanUp Day 2021 дүниежүзілік акциясы өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 298 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 11 мың тоннадан асты. 23 мың гектар аумақ жиналып, 16 мыңға жуық ағаш егілді.

Биыл бүкіл ел бойынша тазалау үшін мыңнан астам орын анықталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі алаң Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды.

World CleanUp Day бүкіләлемдік акциясы қоқысты жинауға ғана емес, оны сұрыптап, қайта өңдеуге де бағытталған. Сұрыпталған қалдықтан биыл қайта өңдеуге шыны, пластик, резеңке, қағаз, картон, металл сияқты екі мың тонна қалдық тапсырылды.

“Мұндай акциялар халық арасында экологиялық мәдениетті одан әрі қалыптастырып, қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйретеді әрі жастардың туған жерінің табиғатын құрметтеуіне ынта береді”, – деп хабарланды экология министрлігінің ресми сайтында.

Comments are closed.