Жайық өзенінің су қоры неге азайды?

0
1262
Жайық өзені

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені таяздығы және өзеннің Атырау маңындағы бөлігінде аралдар пайда болуының негізгі себептерін атады.

20 қыркүйекте Caspian life интернет ресурсында Атырау қаласынан 25 км қашықтықта Жайық өзенінің арнасы кебуіне қатысты материал жарияланды.

Осыған байланысты Cу ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының өкілдері Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, БАҚ материалдарында көрсетілген орынды тексерді.

“Бұл жер шоғырлану-қуғындау құбылыстарының әсер ету аймағында екені анықталды. 19-20 қыркүйекте өзеннің осы учаскесінде солтүстік-батыс бағытта жел байқалды. Бұл Каспий теңізі деңгейінің ауытқуына әсер етті және соның салдарынан осы учаскеде Жайық өзені арнасында аралдардың пайда болуына әкеп соқты. Бүгінде өзеннің осы учаскесіндегі жел оңтүстік-батыс бағытта соғып жатыр. Осыған байланысты кері айдау жүреді және пайда болған аралдар су астында қалды”, – делінген министрлік сайтында.

Кейінгі жылдары Жайық өзенінің бассейнінде ұзаққа созылған су аздығы кезеңі жалғасып жатқанын атап өтеміз. Январцево гидробекетінің шекаралық тұстамасында байқалған ағын 3,5-5,5 км3 деңгейінде, орташа көп жылдық ағын кезінде 8,14 км3 құрады, бұл оның орташа көп жылдық мәнімен салыстырғанда 2 есе азайғанын көрсетеді. Жайық өзенінің негізгі ағысының 80% Ресей Федерациясының аумағында қалыптасады.

“Қазір ҚР шекарасына жақын орналасқан Ириклин су қоймасының (РФ аумағында) көлемі 2681 млн.м3 құрайды, ағызу 15 м3/сек шығынмен бекітілген кестеге (ҚР-РФ) сәйкес жүзеге асырылады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде су қоймасының көлемі 2808 млн. м3 құрады, ағызу 14,3 м3/сек шығынмен жүзеге асырылды”, – делінген хабарламада.

Comments are closed.