Климат, табиғат, газ

Сарапшылар: Ең нашар экологиялық сценарий қазір болып жатыр

0
1046

Сарапшылар климат өзгерісінің теріс салдары – болашақтың емес, бұл біздің бүгінгі мәселеміз деген пікірде. Температураның көтерілуі, орман өрті, құрғақшылық, атмосфераға қауіпті шығарындылар – жаһандық мәселелер. Оны шешу үшін елдер тез арада күшін біріктіруі қажет.

“Климат өзгеруі барлығына қатысты, бірақ әртүрлі аймақта өзгерістер түрлі қарқынмен жүреді. Мысалы, Африка аймағына, Ауғанстанға және басқа аймақтарға қарасақ, ол жердегі климаттық өзгерістерге байланысты туындаған бірқатар мәселелерді көреміз. Атап айтқанда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі, ал азық-түліктің болмауы шиеленістерге, шиеленістер көші-қонға, көші-қон теңсіздікке және тағы басқа жайттарға әкеледі. Бұл болашақтың мәселесі емес, бұл қазірдің өзінде болып жатыр. Бірақ әзірге біз оны жеке кездестірмейміз, түсіну және ұғыну қиын.  Климат өзгеруін барлық ел әлі бірдей сезінбеді. Бірақ пандемия бізге мәселенің оқшауланбағанын, ортақ шешімдерді қажет ететін ортақ мәселелер бар екенін үйретті”, – деді қайырымдылық жасаушы, адам құқығын қорғайтын қозғалыс белсендісі және Ұлыбританиядағы білім беру амбассадоры Назанин Алакиджа.

Ең нашар сценарий қазірдің өзінде жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Брюссельдегі Еуропалық мектептің философия кафедрасының меңгерушісі Мэттью Пай айтты. Оның сөзінше, келер 10 жылдағы перспектива туралы айтсақ, онда температураның тағы 3-4 градусқа артуына тап боламыз. Сарапшы мұның көп немесе аз екенін түсіндіруге тырысты. Түсінікті болу үшін Пай оны адамның дене температурасымен салыстырды. Дене қызуы 2 градусқа көтерілу ыңғайсыздықпен байланысты, ал 4 градусқа көтерілсе, қауіпті екенін айтты.

“Біз қазір атмосферадағы парник газдардың шоғырлануы деңгейі бойынша бұрынғы антирекордтарды асырып жіберетін жағдайға тап болдық. Ең сорақысы, шығарындылардың қарқыны әлі де артып келеді”, – деді Мэттью Пай.

Мәселені шешу үшін күш-жігер тек елдерді ғана емес, барлық мүдделі тараптарды, соның ішінде экологиялық күн тәртібіндегі рөлі артып келе жатқан ірі бизнесті де біріктіруі тиіс. Кейбір мысалдар көрсетіп отырғандай, Philip Morris International сияқты өзінің бизнес-миссиясына экологиялық күн тәртібін құрған компания айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алады.

“Біз бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз, олардың бірі –  шығарындыларды азайту. Былтыр тікелей және жанама шығарындылар көлемін 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ке қысқарта алдық. Міндетіміз – көміртекті бейтараптандыру және оған 2030 жылға қарай кәсіпорындарымызда қол жеткізу. Қазірдің өзінде компанияның 39 зауытының 2 фабрикасы көміртекті-бейтарап, ал тағы бірнешеуі өз өндірісін көміртекті бейтараптыққа ауыстыру үшін жұмыс істеп жатыр. Бірақ климаттық күн тәртібі туралы айтқанда барлық аспектіні, мысалы, корпоративті көлік жүргізу сияқты аспектілерді қарастырамыз. Экологиялық жүргізу қағидаттары компанияның бүкіл әлем бойынша барлық филиалдарында белсенді түрде еніп жатыр”.

“Сонымен қатар біз үшін ластану, қоқыс проблемасы өте маңызды. Осы тұста халық арасында ағарту жұмысын жүргізу үшін көп жұмыс істейтін Қазақстандағы өкілдігіміздің рөлін атап өтер едім. 2020 жылы Филип Моррис Қазақстан Қазақстанның экологиялық кәсіпорындар қауымдастығымен бірлесіп “Қоқысты тоқтат!” жобасын іске қостық. Олар ағартушылық қана емес, сонымен қатар еріктілер бастамаларын да жүзеге асырады”, – деді Ирина Жукова, Ресей мен Шығыс Еуропадағы Philip Morris International тұрақты даму жөніндегі директоры, Корпоративті еріктілер жөніндегі ұлттық кеңестің төрайымы, Мәскеу қаласы.

Еуразиялық медиа форум аясында экологиялық сессия осы мәселелерге арналды. Онда әртүрлі елдердің сарапшылары, ғалымдар, бизнес өкілдері және азаматтық белсенділер маңызды экологиялық мәселелерді шешу үшін не істеуге болатынын талқылады. Олардың ең бастысы –  климаттың өзгеруіне қатысты мәселе.

Спикердің пікірінше, қазір тұрақты дамудың күн тәртібі ірі бизнестің күн көрісі үшін қажеттілікке және жалғыз мүмкіндікке айналды. Ірі компаниялар экологиялық жағдайды жақсы білетін реттеуші органдар, азаматтық қоғам, тұтынушылар тарапынан көбірек қысым көріп жатыр. Экология мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау бүгінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай бәсекелес артықшылыққа айналып жатыр. Мұны бүкіл әлемдегі компаниялар неғұрлым көп түсінсе, соғұрлым климаттық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қоса алады.

Сарапшылардың пікірінше, уақытты құр жібермеуіміз керек. Белсенді іс-әрекеттер жасайтын кез келді. Әрбіріміз климаттық өзгерістердің алдын алу бойынша күреске араласуымыз қажет.

Comments are closed.