Ecokomek: Экологиялық телеграм-бот іске қосылды

0
856

Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы экология саласындағы ақпаратты алуды жеңілдету мақсатында EcoKomek ақпараттық өнімін жасады.

“Заңдар, экология саласындағы мемлекеттік органдар, кім не үшін жауап береді, экологиялық мәселелерге қатысты қай мемлекеттік органға жолдама жіберу керек, тұрмыстық қалдықтарды қай компания жинайды – мұның бәрін EcoKome -тен көруге болады”, – деп жазды .Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы Instagram-дағы парақшасына.

Telegram мессенджерін ашып, Ecokomek деп іздесеңіз, экологиялық бот шығады. Әрі қарай Start батырмасын басып, өзіңізге ыңғайлы тілді таңдап, экология саласына байланысты сұрақтарыңыз бойынша ақпарат ала аласыз.

Comments are closed.