Көкқұс “Жыл құсы” болып жарияланды

0
846
Көкқұс

Жыл құсын АСБК мүшелері онлайн дауыс беру арқылы таңдап алды. Құстардың  екі түрі — жорғаторғай және көкқұстан — 64% дауыс берушілер өз таңдауын көкқұсқа тоқтатты. Түрлер дәстүр бойынша Қазақстанның құстарды қорғау одағы және АСБК (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы)  орнитологтарымен ұсынылды. Дауыс беру алты күнге созылып, 15 қаңтар күні аяқталды.

Көкқұс ҚР Қызыл кітабына аз ғана жалпы санымен енгізілген теңбілді таралған түр. Түрге қауіп – сауда мақсатымен заңсыз аулау, соңғы уақытта – таулардағы жаппай демалуға қатысты дамылсыздық көрініс алады. Орнитологтар саяхатшыларға тау бөктері жолынан мүмкіндігінше ауытқымауына кеңес береді, әсіресе, көптеген құстардың ұя салу мерзімі – көктемде және жаздың басында.

Көкқұс, Синяя птица (Myophonus caeruleus) — Сайрақтар тұқымдасынан Қазақстанның оңтүстік өңірі таулы өзен бойларын мекен ететін түр. Қыста оңтүстікке қарай беттейді, алайда біршама бөлігі төмен таулы белдеулерде қыстайды. Соңғы жылдары  бёрдвочерлер (құстарды бақылаушылар) бірлі-жарымын Алматыда қыстайтынын байқауда. Су үстіндегі құздың кертеш жерлерінде, көпірдің тіректерінде және т.б. ұялайды, 4-6 жұмыртқадан салады. Су және жерүсті омыртқасыздармен, кесіртке, кеміргіштер, кейде ұсақ құс және балықтармен қоректенеді, күзде және қыста жидектерді азық етеді.

Қазақстанның Оңтүстік-шығысы — түрдің ең солтүстік бөлігі ареалы.

Көкқұстың таулы өзендер шуылын асыра басатын өзіне тән сыбызғы ысқырық үнін шатастыру мүмкін емес. Көкқұс — біздің тауларымыздың әшекейі!

“Жыл құсы” науқаны Қазақстанда 2006 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл секілді науқандар әлемнің бірқатар елдерінде өткізіледі, ең ауқымдысы Жаңа Зеландияда — бүкіл ел азаматтары жыл құсына сайт арқылы дауыс беріп, таңдау жасайды. Мақсаты — қоғамның назарын құстар және оларды сақтау мәселелеріне аудару. Әрине, бірінші орында сирек түрлерге көңіл бөлінеді, бірақ кейде ерекшеліктер болады — 2016 жылы үй торғайы, 2011 — сарыбауыр шымшық, 2010 жылы — кәдімгі қарторғай таңдалған. 2022 жылы Жыл құсы болып бұлбұл атанған.

Бұлбұл “жыл құсы” болып жарияланды

АСБК мектептерде және түрлі клубтарда жыл құсы тақырыбына ашық сабақтар, сайыстар және науқандар өткізуді қолдайды. Қауымдастықтың экологиялық ағарту ісі мамандары әрекетшіл ұстаздарға іс-шараларды дайындауда жылда демеу көрсетеді.
Егер оқырмандарымызда қызықты фотосуреттер, бейнелер немесе көкқұсқа қатысты әсерлі оқиғалар болса, acbk@acbk.kz поштасына “Жыл құсы” деп түртіп жіберуге болады.

Comments are closed.