Алматының ірі жоғары оқу орындарында қалдықтарды бөлек жинау жобасы жүзеге асып жатыр
0
657

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша ауқымды жоба іске асырылды. Оңтүстік астананың ірі жоғары оқу орындарында PlastNet пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу кәсіпорындары желісінің бастамасымен «Қалдықтарды сұрыпта – бізде өзге планета жоқ» жобасы іске қосылды. Жоба пластикалық және басқа да құнды қалдықтарды жинау және қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ жастар арасында саналы экологиялық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатында жарияланды.

Жобаның бастамашылары қалдықтарды бөлек жинау мүмкін және қарапайым екенін көрсетуге, сондай-ақ оны қалай дұрыс жасау керектігін нақты көрсетуге ниетті. Үш ай бойы Алматы технологиялық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық институтының және Алматы энергетика және байланыс институтының оқу ғимараттарында пластик, қағаз қалдығы, сондай-ақ алюминий мен шыны қалдықтарын бөлек жинау белсенді