Қазақстандық оқушылар экобайқау аясында 18 тонна макулатура жинады

0
506
қағаз-картон, макулатура

«Нестле. Сау балалар» жаһандық бастамасы мен «Салауатты тамақтану мектебі» білім бағдарламасының аясында Астана мен Алматы мектептерінде өскелең ұрпақты қоршаған ортаға қамқор болуға баулитын «Өз бағыңды өсір» экологиялық байқауы өтті.

Педагогтер оқушылармен бірге үш ай бойы макулатура жинап, қайта өңдеу пунктеріне өткізді. Жиналған шикізат туралы мәліметті байқаудың цифрлық платформасына орналастырды. Макулатураның әр 30 келісі сайтта «цифрлық ағашқа» айналып отырды.

«Нестле» компаниясы байқау қорытындысы бойынша сайтта қанша «цифрлық» ағаш пайда болса, ауа райы маусымының келуімен сонша көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Байқаудың барлық қатысушысы дипломдармен марапатталады, ал макулатураны ең көп жинаған табиғат қорғаушылары сыйлықтар алады.

Байқауға жалпы алғанда Астана мен Алматының 17 мектебі қатысты. Олар бірге 18 тоннаға жуық қағаз жинап, 600 виртуалды ағаштан тұратын бақшаны «өсірді». Ең жоғары нәтиже көрсеткендер:

  • Астана қаласы, №21 мектеп оқушылары (педагог Әйгерім Мусина)
  • Алматы қаласы, №118 мектеп-гимназиясының оқушылары (педагог Юлия Распутина)
  • Алматы қ. №101 мектеп-гимназиясының оқушылары (педагог Айнисам Баратова)
  • Алматы қаласы, №13 мектеп-гимназиясының оқушылары (педагог Балжан Толымбекова)

Ал №101 мектеп-гимназиясы (Алматы қ.), №27 мектеп-гимназиясы (Алматы қ.) және №52 ЖОББМ (Алматы қ.) ең белсенді мектеп атанды.

«Нестле» білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева байқаудың басты мақсаты – балаларды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйрету екенін атап өтті.

«Біз қатысушыларымыздың жас болуы (7-12 жас) табиғатты қорғау сияқты маңызды іс-шараларға кедергі емес екеніне сенімдіміз. Балалар макулатура жинай отырып, ересектермен бірге ормандарды сақтау мәселесін шешуге маңызды үлес қоса алатынына көз жеткізді. Біз экология туралы жаңа білім мен мектеп оқушылары алған қалдықтарды ұтымды өңдеу дағдылары оларға қазір де, болашақ ересек өмірде де дұрыс таңдау жасауға және өздерін ғаламшардың шынайы қорғаушысы ретінде тануға көмектесетініне сенімдіміз», – деп атап өтті Александра Макеева.

№21 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әйгерім Мусина байқауға қатысқан балалардың басты құндылығы – қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігін түсіну екенін айтады.

«Біздің сыныптың балалары жарысқа қуана қатысып, оған айналасындағылардың бәрін тарта білді. Бізге басқа сыныптардың балалары, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдер де қосылды. Байқаудың арқасында оқушылар қағазды ұқыпты пайдаланудың маңызы, сондай-ақ қайта өңдеу қажеттілігі туралы ой түйді. Ең бастысы, балалар туған өлкенің табиғи байлығын сақтауға өз үлесін қоса алатынын түсіне білді» – деп атап өтті Әйгерім Мусина.

Comments are closed.