4 қазан – Жануарларды қорғау күні

0
1116
Итбалық

Дүниежүзінде 4 қазан – жер бетіндегі жан-жануарды қорғау мақсатында бекітілген атаулы күн.

Бұл күнді атап өту туралы шешім 1931 жылы Италияның Флоренция қаласында өткен табиғат қорғаушылардың халықаралық басқосуында қабылданды.

Жануарларды қорғау күні ретінде 4 қазанның таңдалу себебі, дәл осы күні католиктер әулие әрі жануарлардың қамқоршысы Франциска де Ассизиді еске алады. Жануарларды қорғау күні Аргентинада 29 сәуір күні аталып өтеді. Өйткені 1926 жылы 29 сәуірде аргентиналық жануарларды қорғаушы ұйымның негізін қалаушылардың бірі Лукас Игнасио Албаррасин дүниеден өтті.

Жануарларды қорғау күнінің мақсаты:

  • Жануарлардың ешбір түрін елеусіз қалдырмау;
  • Жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту;
  • Өмірімізде жануарлардың маңызды орын алатынын түсіну;
  • Қоршаған ортаны бай қалпында сақтауда жануарлардың мол үлесі барын мойындау.

Ecoinfo.kz сайты жануарларды қорғау күнінде “Қызыл кітапқа енген жануарлар” туралы оқуды, басқаларға айтуды ұсынады.

Сонымен қатар Отбасы хрестоматиясының “Экософия немесе киелі табиғат” кітабын балалармен бірге оқып, бүлдіршіндерге жануарлар қоршаған ортаның айнымас бөлшегі екенін түсіндіруге болады.

Comments are closed.