Табиғат туралы мақалдар топтамасы

0
20326

Назарыңызға қазақтың табиғат, ауа райы, өсімдіктер дүниесі, қоршаған орта туралы мақал-мәтелдерін ұсынамыз.

  • Судың да сұрауы бар
  • Өзен жағалағанның өзегі талмас
  • Бақ өсіргеннің бағы жанады
  • Тоғайды тұяқ тоздырады
  • Гүл өссе жердің көркі
  • Бір тал кессең, он тал ек
  • Бұлақ көрсең, көзін аш
  • Адамның табиғатсыз күні жоқ,
  • Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
  • Табиғат жер байлығы,
  • Батырлар ел байлығы.
  • Нөсер алдында найзағай ойнайды.
  • Күн күркіресе, көп дүркірер.
  • Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
  • Алпыс күнде тасыған су,
    Алты күнде қайтар.
  • Жауынмен жер көгереді,
    Батамен ел көгереді.
  • Қыстың көзі қырау.
  • Сәуір болса күн күркірер.
  • Сәуір болмай, тәуір болмас.
  • Жаңа айдан жақсылық.
  • Жел дауылды шақырады,
    Бұлт жауынды шақырады.
  • Қыстағы қар – жерге ырыс,
    Жердегі ылғал – елге ырыс.
  • Таумен тасты су бұзар,
    Ел арасын қу бұзар.
  • Ағаш тамырымен мықты,
    Адам дос – жарымен мықты.
  • Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
    Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
  • Жазғытұрым жел
    жардай атанды жығар.
  • Қаз келсе, жаз келер,
    Қарға келсе қатқақ келер.
  • Нөсер алдында найзағай ойнайды.
  • Күн күркіресе, көп дүркірер.
  • Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
  • Боранда күні ит пен бала құтырады.
  • Алпыс күнде тасыған су,
    Алты күнде қайтар.
  • Жауынмен жер көгереді,
    Батамен ел көгереді.
  • Қыстың көзі қырау.
  • Сәуір болса күн күркірер.
  • Сәуір болмай, тәуір болмас.
  • Жаңа айдан жақсылық.
  • Жел дауылды шақырады,
    Бұлт жауынды шақырады.
  • Қыстағы қар – жерге ырыс,
    Жердегі ылғал – елге ырыс.
  • Таумен тасты су бұзар,
    Ел арасын қу бұзар.
  • Ағаш тамырымен мықты,
    Адам дос-жарымен мықты.
  • Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
    Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
  • Жазғытұрым жел
    жардай атанды жығар.
  • Қаз келсе, жаз келер,
    Қарға келсе қатқақ келер.
  • Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.
  • Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
  • Нөсер алдында найзағай ойнайды.
  • Жаңбыр бір жауса,
    Терек екі жуады.
  • Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
  • Таулы жер бұлақсыз болмас,
    Сулы жер құрақсыз болмас.
  • Туған ай, тураған етпен тең.
  • Қаз келсе, жаз келер,
    Қарға келсе, қатқақ келер.
  • Су аққан жерінен айнымас.
  • Сәуір болмай, тәуір болмас.
  • Үркерлі айдың бәрі қыс.
  • Қыстың көзі қырау.
  • Шағала келмей жаз болмас.
    Шаңқан келмей, боз болмас.
  • Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
  • Сәуір болса, күн күркірер,
    Күн күркіресе, көп дүркірер.
  • Мәуесі бардың әуесі бар.
  • Қараша қауыс, кәрі-құртаңды тауыс.
  • Әр нәрсе уақытымен қызықты.
  • Тауына қарай тоғайы,
    Шошқасына қарай торайы.
  • Cу басынан буылады.
  • Тау кезеңсіз болмас,
    Өлке өзенсіз болмас.
  • Көлдің көркі құрақ,
    Таудың көркі бұлақ.
  • Жаз сайға қонба,
    Қыс қырға қонба.
  • Сүмбіле туса су суыр.
  • От арық, су семіз.
  • Жаңа айдан жақсылық.
  • Тоқты тоймас,
    Шөміш кеппес.
  • Алпыс күн тасыған су,
    Алты күнде қайтар.
  • Таң атпайын десе,
    Күн қоймайды.

Comments are closed.