Қазақстанда “Байтақ” жасыл партиясы құрылады

0
1216
Экология

Бұл туралы қоғам қайраткері, табиғат жанашыры Тимур Елеусізов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Қазақстанда “Жасыл партия” болады. Кеше алғашқы қадам жасалды. Біз заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне “Байтақ” жасыл партиясын құру ниетіміз туралы ресми түрде хабардар еттік. Алда әлі көп қадамдар бар, бірақ біз біріншісін жасадық”, – деп жазды Тимур Елеусізов.

Ол бұл қадамды өте маңызды әрі нық жұмыс деп атады. “Табиғатты біз қорғамасақ, кім қорғайды” деді Тимур Елеусізов.

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.