теңіз

2100 жылға қарай теңіз жануарларының 90%-ы жойылуы мүмкін

0
582

Сүтқоректілерді, бактерияларды және өсімдіктерді қоса алғанда, 25 000 теңіз жануарларының 90%-ы теңіз температурасының көтерілуіне байланысты жойылып кетуі мүмкін.

Халықаралық ғалымдар тобы зерттеу жүргізіп, 2100 жылға қарай қай жануарлардың жойылуы ықтимал екенін анықтады. Жұмыстың мәтінімен BioScience ғылыми журналынан танысуға болады.

Зерттеу барысында ғалымдар белгілі бір жануарлар түрінің эндемик санының азаю қарқынын талдады. Нәтижесінде батыс горилласы, қара мүйізтұмсық, бенгал жолбарысы, жабайы есек және бантенг (нағыз бұқалар тұқымының өкілі) ең нашар болып шықты.

Айта кетейік, дүниежүзілік мұхиттар 1970 жылдан бері тұрақты түрде жылынып жатыр. Ал 1993 жылдан бастап мұхиттардың жылыну жылдамдығы екі есеге артты. Сонымен қатар теңіз қызу кезеңдері – мұхит бетіндегі қалыптан тыс жоғары температура ​​жиі бола бастады.

Қазір қатты ыстық қалыпты жағдайға айналу үрдісі бар. Бұл теңіз экожүйелерін әлдеқайда ыстық ортаға бейімделуге немесе суық суларға көшуге мәжбүр етеді. Дегенмен кейбір нәзік экожүйелер, мысалы, маржан рифтері жойылып бара жатыр.

“Адамзат ешқандай шара қолданбаса, біздің шөберелеріміз бұл жануарлар туралы энциклопедиялардан ғана біледі. Біздің ұрпақтарымыз бенгал жолбарыстарын біз мамонттар мен трицератоптарды қалай қабылдайтын болсақ, солай қабылдайды”, – деп түсіндірді зерттеу авторлары.

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.