Қандай қалдықтарды өртеуге тыйым салынады?
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2021 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен энергия ретінде пайдалануға жатпайтын қалдықтар тізімін бекітті.
Тізімге мыналар кіреді:
- Сұйық қалдықтар;
- Жарылғыш, коррозиялық, тотықтырғыш, тез тұтанатын қауіпті қалдықтар;
- Медицина немесе ветеринария мекемелерінің инфекцияланған қалдықтары;
- Құрамында тұрақты органикалық ластағыштар бар қалдықтар;
- Пестицидтер;
- Құрамында сынап бар шамдар мен құрылғылар;
- Электрон және электр жабдықтары;
- Түсті және қара металдардың қалдықтары;
- Литий батареялары, қорғасын қышқылы;
- Құрылыс материалдарының қалдықтары.
Бұйрық 2021 жылы 2 тамызда күшіне енді.