Қалдықтарды басқару саласындағы ТОП-30 кәсіпқой. Олар кімдер?

0
794

Қазақстандық KazWaste қауымдастығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орай, қалдықтарды басқару саласындағы ТОП-30 кәсіпқойлардың жыл сайынғы тізімін дайындады.

Бұл жоба мамандардың қалдықтарды өңдеу саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан үлесін бағалау үшін жасалып жүр.

Табысты адамдар дегеніміз қалтасында көп қаражаты бар, Forbes тізіміне шығатындар ғана емес. Қоғамдағы, елдегі мәселелерге ерекше мән беріп, соны айтып, шешуге белсене атсалысатындар – нағыз табысты адамдар.

“Осындай табысты тұлғалардан шабыт ала отырып, қалдықтарды басқару саласындағы ТОП-30 сала мамандарының тізімін жасауды ұйғардық. Жобаның мақсаты – саланы танымал ету, мамандарды ынталандыру және атқарылып жатқан іс-шаралар туралы халықты ақпараттандыру”, – деді KazWaste қауымдастығы.

Үміткерлер тізімі мынадай бағыттар бойынша таңдалды:

  • Мемлекеттік органдар
  • Қалдықтарды басқару бизнесі
  • Қоғамдық ұйымдар мен қайраткерлер
  • Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкілдері

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері – қоршаған ортаны дамытуға қосқан үлесі, маңызды жобаларды жүзеге асыруы, жұмыс тәжірибесі, әлеуметтік белсенділігі және тағы басқа.

Тізімдегі әр үміткер – елдің, қаланың дамуына және қоршаған ортаны қорғауға үлкен үлес қосқан және әлі де қосып келе жатқан адамдар. Олар:

Ахметжан Примкулов

Елдос Абаканов

Зулфухар Жолдасов

Нина Гор

Медет Кумаргалиев

Айгуль Соловьева

Шынболат Байкулов

Сергей Юрча

Вера Мустафина

Еркин Мукаев

Нурлан Байтуреев

Максим Климентьев

Алексей Миронов

Инна Аман

Буранбай Кумисбеков

Леонид Стороженко

Дана Солтанова

Султан Ислямов

Дуслан Ахметов

Роман Мухин

Марат Садвакасов

Сергей Лущинский

Рамиль Дисембаев

Сауле Габдеева

Арман Копбаев

Аида Алимбекова

Айбек Рахим

Данияр Бакимов

Камила Акимбекова

Шасалим Шагалимов

Қатысушылар туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Comments are closed.