Алматыдағы мега маңында экологиялық станция ашылды

0
1192

Алматыда Мега сауда орталығы мен Ecosen компаниясы бірігіп, қайта өңделетін қалдықтарды жинайтын станция ашты.

Бұған дейін Ecosen қайталама шикізат қабылдау орны Алматыдағы “Алматы бас жоспар” ғимаратында орналасқан еді. Ашылған күннен бастап он айда бұл пункт 33 тонна, 154,6 келі қайта өңделетін қалдық жинаған. Осы уақыт аралығында Ecosen пуктіне 5 мыңға жуық адам келіп, қалдықтарды өткізген.

Кейін Абай даңғылындағы Ecosen қайталама шикізат қабылдау орны жабылғанын хабарлаған едік. 

“Осы күнге жеттік! Біздің команда бұл сәтті көптен күтті. Бәрін құпия ұстау қиын болды. Өйткені бұл жаңалық қалдықтарды қайта өткізіп жүрген қолданушыларымызға жағымды эмоция сыйлайтынын білеміз. Ендеше ерекше қуанышпен сіздерге @mega_center экостанциясымен бірлескен жобамызды ұсынуға дайынбыз. Сонымен бірге біз тек осы станцияда электрон қалдықтарды жинай бастағанымызды хабарлаймыз”, – деп жазды Ecosen.kz компаниясының өкілдері. 

14 қазанда осы жаңа экологиялық станцияның салтанатты ашылуы өтті. Оған Алматыдағы көптеген экобелсенділер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мега сауда орталығының маңындағы эко станцияға қайта өңделетін қалдықтарды өткізе аласыз.

Жаңа экостанция мына қалдықтарды қабылдайды. 

  • Пластиктің 1,2,4,5⁣⁣ маркалы қатты әрі жұмсақ түрі;
  • 70GL⁣⁣ маркалы түссіз шыны;
  • 41ALU⁣⁣ маркалы алюминий құты;⁣⁣⠀
  • 40FE⁣⁣ маркалы темір құты;
  • 20,21PAP⁣⁣ маркалы макулатура;
  • 22,23PAP⁣⁣ маркалы картон-қағаз.
  • Сонымен қатар эко станцияға тұрмыстық техника, гаджеттер, электрон қалдықтар мен батареяларды өткізуге болады.

Электрон темекі мен лампалар қабылданбайды.

Экостанцияның мекенжайы:

Алматы. ⁣⁣MEGA Alma-Ata сауда орталығы. Розыбакиева 247 а. Мега-1 ,имаратының алдындағы автотұрақ.⁣⁣⠀

Эко станцияға қайта өңделетін заттарды өткізе аласыз. Станцияға барып, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін ұпай жинауға болады. Ол үшін смартфоныңызға арнайы Ecosen қолданбаcын жүктеп, жинаған қалдықтарыңызды таразыға салып, өлшейсіз.

Сонымен қатар мегаполисте шыны бөтелкені өткізіп, тиын алуға болады.

Қосылған құн салығын (НДС) қоспағанда 1 бөтелкеге берілетін баға:

– 13 теңге – «Кружка свежего» түссіз 0,475 мл;
– 13 теңге – «Жатецкий гусь» жасыл 0,500 мл;
– 13 теңге – «Большая кружка» түссіз 0,643 мл;
– 13 теңге – «Жигулевское» түссіз 0,450 мл;
– 20 теңге – винная 0,700 мл;
– 17 теңге – винтовая 0,500 мл.

Қабылдау бекетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Спасская көшесі 70.

Байланыс нөмірі:
+ 701 769 47 05;
+7 777 298 33 99.

Толығырақ мына сайттан біле аласыз: Glasstrade.kz

Тағы оқыңыз: Алматыда алғаш рет пластик бөтелке өткізетін фандомат ашылды

Comments are closed.