Ecosen қайталама шикізат қабылдау орны жабылды

0
1021

Ecosen қайталама шикізат қабылдау орны Алматыдағы “Алматы бас жоспар” ғимаратында орналасқан еді. Ашылған күннен бастап он айда бұл пункт 33 тонна, 154,6 келі қайта өңделетін қалдық жинаған. Осы уақыт аралығында Ecosen пуктіне 5 мыңға жуық адам келіп, қалдықтарды өткізген.

“Расында біз Абай даңғылы бойындағы пунктіні жабуға мәжбүрміз. “Алматы бас жоспар” ғимаратының әкімшілігі ол жерде қоқысты және қоқыс алып келетін адамдарды көргісі келмейді. Біз қоқыс емес, қайта өңдеуге болатын шикізат жинап жатқанымызды айтсақ та, еш нәтиже болмады. Тіпті әкімдікке жүгініп көрдік. Бірақ ештеңе істей алмадық”, – деп жазды Ecosen.kz компаниясының өкілдері.

Ecosen қайталама шикізат қабылдау жобасы Абай даңғылына, бұрынғы мекен-жайға жақын маңнан жаңа орын іздейтінін хабарлады. Егер ұсынысыңыз болса, @Ecosen.kz Instagram парақшасына жазуыңызға болады.

Comments are closed.