эко көрме

Эко көрмелер – 2022

0
806

Әлемнің әр түрлі мемлекеттерінде жыл сайын эко көрмелер өтеді. Әр жылы әр түрлі тақырыптар мен елеулі мәселер қозғалады. Қазақстан да эко көрме өткізу мәдениеті қалыптасқан. Тіпті біршама жинаған тәжірибесі де бар десек болады. Елімізде өткен ЕХРО-2017 көрмесі эко көрмелердің де қатарына жатады. « Болашақтың жарқын энергиясы» аталған көрме экологиялық елеулі мәселелерді көтерген болатын. Көрмеде  «Энергия әлемі», «Келешек  үшін энергия», «Барлық халыққа арналған энергия», «Менің келешек энергиям» атты павильондар болды. Бұл көрменің мақсаты әуелі елімізге дүние жүзі халықтарын тарту және өзара қарым-қатынас орнату болса, келесі кезекте экологиялық мәселелерді, сарқылатын және сарқылмайтын табиғи байлықтарды зерделеу һәм әлем халықтарымен осы тақырыптарды талдау, экодебат жасау болды. Осы секілді экологиялық ауқымды мәселелерді көтеретін эко көрмелер әр жылы үлкен және шағын көлемде өтіп жатады. Назарларыңызға 2022  жылға жоспарланған эко көрмелерді ұсынамыз. Бәлкім жолыңыз түсіп, эко көрменің куәсі боларсыз.

Ресей федарациясы 2022 жылға 4 түрлі эко көрме-форум ұйымдастырып жатыр. Олар:

1. СУ: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ФОРУМЫ  EcwaEXPO 2022.

EcwaEXPO 2022 – ТМД мен Шығыс Еуропадағы №1 су форумы. Оның шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалпына келтіру, қорғау, су дайындау, коммуналдық  өнеркәсіпті сумен жабдықтау,  суларды тазарту, құбыр жүргізу жүйелерін реттеу және пайдалану, суды бутилдеу әрі су секторын дамытудың өзге де мәселелері үшін ұсынылған бірден-бір көрме-форум.

EcwaEXPO 2022  көрме мен іскерлік бағдарламадан тұратынын хабарлаймыз. Бұл көрме-форум өзара қарым-қатынас орнатып, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Көрме 13.09.2022 – 15.09.2022 уақыт аралығында Мәскеу қаласында өтеді.

ecwaEXPO
Фото: rapts.ru

2. SPE – 2022

Ресейдегі мұнай-газ саласы бойынша  жыл сайын өтетін іс-шара. SPE мұнай-газ техникалық конференциясы жыл сайын 850-ден астам мұнай-газ саласының мамандары мен жетекші сарапшыларын бір ортаға жинайды. Іс-шарада алынуы қиын қорлар, ұңғымаларды салу-бұрғылау және аяқтау, геологиялық, гидродинамикалық және интеграцияланған модельдеу, мұнай, газ, газ конденсаты, мұнай-газ конденсаты кен орындарын игеру, өндіру мен ГРП интенсификациясы, мұнай-газ саласын цифрландыру сияқты мәселелер қарастырылады.

Конференцияға Роснефть, Saudi Aramco, Газпром және Газпром нефть, ЛУКОЙЛ,         Schlumberger, Halliburton, Татнефть, Зарубежнефть, Сургутнефтегаз, Сколково және басқа да көптеген компаниялар қатысады.

Көрме 18.10.2022 – 20.10.2022 уақыт аралығында Мәскеу қаласында өтеді.
SPE 2022
Фото: en.wikipedia.org

3. Өнеркәсіптегі су 2022

Өнеркісіптегі су 2022 іс-шарасы өнеркәсіптік кәсіпорындарда су пайдалану , су тазарту және сумен қамтамасыз ету жүйелеріне арналған заманауи технологиялар мен жабдықтарды көрсетуге арналған көрме. “Өнеркәсіптегі су” XI салааралық конференция.

Жыл сайын “Өнеркәсіптегі су” конференциясы су тазартқыш жабдықты дұрыс таңдауға,          шығындарды дұрыс өтеуге, өнеркәсіпті сумен қамтамасыз ету және суды дұрыс пайдаланудың индустриялық жүйелері үшін қазіргі заманғы технологияларды енгізуге және өнеркәсіптер өзара  практикалық тәжірибемен бөлісуге көмектеседі.

Көрме Мәскеу қаласында, 25.10.2022 өтеді.

Өнеркәсіптегі су
Фото: akrasuaritma.com

4. Пластмасса өндірісі 2022

Пластмасса өндірісі 2022 “Экспоцентр” ұйымдастыратын химия өнеркәсібі мен ғылымның халықаралық көрмесі болып саналады.

Көрменің тақырыптық бөлімдері:

  1. Пластмассалар, каучуктар және полимер материалдарын өндіруге арналған шикізат көздері.
  2. Пластикалық массалардың түрлері.
  3. Пластмасса, каучук және полимер материалдар өндірісі: технологиялар мен жабдықтар.
  4. Пластмассаны өңдеу және кәдеге жарату: технологиялар мен жабдықтар.

Көрме 31.10.2022 – 03.11.2022 уақыт аралығында Мәскеу қаласында өтеді.

Пластмасса өндірісі 2022
Фото: cable.ru

NATURAL WEEK 2022

NATURAL WEEK 2022 көрмесінде органикалық және табиғи  өнімдер ұсынылады. Осы көрменің арқасында отандық органикалық өнімдер тағы бір рет танылып, ауыл шаруашылығы мен ауылшаруашылық өнеркәсібінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті екендігін айқындайды.

Көрме 04.08.2022 – 06.08.2022 уақыт аралығында Оңтүстік Корея,  Сеул қаласында өтеді.

natural week
Фото: fermer.blog

Veggienale & Fairgoods Stuttgart 2022- вегетариандық өмір салты көрмесі

Veggienale & Fairgoods Stuttgart алты жылдан   бері Германияда   тұрақты түрде өтетін көрме. Көрме өсімдіктерге дұрыс күтім жасау және де өсімдіктердің   өмір салты туралы әртүрлі тақырыптық ауқымды бағдарламалардан тұрады. Көрмеде сіздерді қызықты және танымдық дәрістер, сұхбаттар, аспаздық шоулар мен шеберлік сабақтары күтеді. Балаларға арналған қосымша бағдарламалар да бар.

Көрме 17.09.2022 – 18.09.2022 уақыт аралығында Германия, Штутгарт қаласында өтеді.

Veggienale & Fairgoods Stuttgart 2022
Фото :little-bee-fresh.de

Biofach America 2022-табиғи азық-түлік көрмесі

Biofach America-бұл органикалық өнімдердің көрмесі. Мұнда халықаралық өндірушілер өздерінің көптеген өнімдерін ұсынады. Америка Құрама Штаттарында органикалық өнімдерге деген сұраныс өсіп келе жатыр.  Тұтынушылар органикалық өнімдердің дәлелденген ғылыми тұжырымдарын және денсаулыққа деген пайдасын мойындайды. Бұл жәрмеңке Еуропалық компаниялар үшін сатып алуға  және өз-ара байланыс жасауға  болатын бизнес-платформа.

Көрме 29.09.2022 – 01.10.2022 уақыт аралығында АҚШ,  Филадельфия қаласында өтеді.

Biofach America 2022

Фото: profihort.com

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.