Экобелсенділерге не сыйлауға болады?

0
1460

Жақыныңыз қоқысты сұрыптап, қалдықсыз өмір сүретін адам болса, оған барлық сыйлық ұнай бермеуі мүмкін. Себебі мұндай адамдар сыйлықтың қоршаған ортаға, табиғатқа зияны болмағанын қалайды. Ендеше Ecoinfo.kz сайты табиғат пен жануарларға жанашыр жандарға сыйлық түрлерін топтастырды.

Сыйлық қандай болуы керек?

  • Ең әуелі экосыйлық қалдығы айналаны ластамайтындай болғаны дұрыс. Әсіресе оны қаптағанда пластикті қолданбаған абзал. Сыйлықтың сырты, қорапшасы барынша zero waste форматында болуы керек.
  • Екіншіден, сыйлыққа аса көп қаражат жұмсамаған жөн. Себебі экобелсенді адам кез келген тауарды сатып аларда жақсылап ойланады. Олар шынымен қажет нәрсеге ғана қаражат жұмсауға дайын.
  • Үшіншіден, экодүкендерді аралағанда отандық өнімдерге көбірек көңіл бөліңіз. Себебі Қазақстанда қайта өңделетін материалдардан қажет бұйымдарды жасайтын компаниялар бар. Экобелсенділер мұндай ұйымдарды қолдауға, олардың заттарын қолдануға қуана келіседі.

Экологиялық сыйлықтар 1

Қалдықсыз өмір сүретін адамдарға заттай сыйлық емес, рухани немесе демалыс сыйлайтын абонемент берген тиімді.

Мысалы:
фитнес орталыққа немесе би, суда жүзу сияқты спорт түрлеріне абонемент
СПА салонға немесе массажға сертификат
Мерекелік кешкі асқа билет
Театрға, музейге, концертке билет
Сұлулық салонына сертификат
Сурет салу мастер-класына билет
Ақылы сайттарға онлайн жазылу
Ағылшын тілі курсына абонемент
Фотосессия
Параплан мен парашюттан секіруге билет және тағы басқа.

Экологиялық сыйлықтар 2

  • Экосөмке, шопер
  • Ұзақ пайдалануға болатын ыдыстар: бөтелке, стақан, контейнер,
  • Қасық, шанышқы
  • Шоколад, бал, тосап және тағы басқа тағамдар. Сонымен қатар экодүкеннен басқа да тағамдарды табуға болады.
  • Zero Waste форматында жасалған экологиялық жуынғыш заттар: сабын, сусабын, тіс пастасы және косметика
  • Көп рет пайдалануға болатын экоблокнот.

Zero Waste қағидасымен өмір сүретін адамға не сыйламаған дұрыс?

  • Пластик ыдыс және тағы басқа біррет қолдануға арналған бұйымдар
  • Сувенир. Тіпті сувенирді адам минималист болмаса да, бермеген дұрыс.
  • Киім, аяқкиім және аксессуарлар. Мұндай сыйлық алғанды кез келген адам ұнатуы мүмкін. Бірақ экобелсенді адамдар көбіне артық киім мен зат сатып алмайды. Сондықтан мұндай сыйлыққа қарағанда басқа пайдалы бұйым берген жөн.

Сыйлықты қалай орау керек?

Ең бастысы пластик пен полиэтилен пайдаланбаған абзал. Кәдімгі қағаздың өзі әдемі көрінеді. Сонымен қатар мата немесе әдемі лентамен орауды қарастырып көріңіз.
Біздікі ұсыныс. Қалғанын өз фантазияңызбен жасап көріңіз.

Comments are closed.