23 қазан – Халықаралық барыс күні

0
716

23 қазан – қар барысы күні. Бұл күн 2013 жылы Бішкектегі қар барысын қорғау туралы өткен дүниежүзілік форумда бекітілді.

1978 жылы қар барысы еліміздің “Қызыл кітабына” енгізілген. Ол сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Сонымен қатар бұл жыртқыш Қазақстанның символына айналып кеткен.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, бүгінде бұл жыртқыш 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақта мекендейді. Атап айтсақ, Іле-Алатау, Жоңғар-Алатауы, Көлсай-көлдері, Катонқарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын-Емел ұлттық парктерінде және Алматы, Ақсу-Жабағылы қорықтарының аумағында кездеседі.

Елімізде табиғат қорғау мекемелері – ұлттық парктер мен қорықтарды құрудың нәтежиесінде, сонымен қатар олардың территорияларын кеңейту шараларының арқасында қар барысы популяциясының оң динамикасы мен өсуі байқалады, – деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

1990 жылдардың басында барыстың Қазақстандағы саны 80-100 болса, 2010 жылдардың басында-110-130 бас болды. Ал қазір Қазақстанда қар барысының жалпы саны – 140-180 бас. Сонымен қатар жалпы айтқанда дүниежүзінде 4000-ға жуық қар барысы бар. Қар барысы Қазақстаннан басқа Қытай, Моңғолия, Индия, Непал, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Бутан, Өзбекстан жерлерінде де кездеседі.

Қар барысы 2 700-5 000 метр биіктікте өмір сүреді. Құйрығының ұзындығы 1 метрге, денесінің ұзындығы 2,1 метр жететіндері де кездеседі.

Еске сала кетейік, былтыр министрлік Қазақстанда 130-ға жуық қар барысы бар екенін хабарлаған еді.

Comments are closed.