3 наурыз – Дүниежүзілік тұмса табиғат күні

0
1908

Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясы 2013 жылы бүкіл флора мен фаунаны қорғау мақсатында 3 наурызды “Тұмса табиғат күні” деп бекіткен. Осыған орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында пост жазып, “Қызыл кітапқа” енген сілеусіннің камераға түсіп қалған видеосын жариялады.

“Бүгін – Дүниежүзілік тұмса табиғат күні. Бұл күн бүкіл әлемге табиғатты қорғаудың маңызын еске салуға арналған. Еліміз флора мен фаунаға бай. Қазақстанда өсімдіктердің 6000-нан астам түрі және омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Жеріміздің 13 миллион гектарын орман алып жатыр. Табиғатты қорғау – басты міндетіміз. Жыл сайын “Ақбөкен” табиғатты қорғау акциясына қатысамыз. Біздің инспекторлар күн сайын ауа-райының қолайсыздығына қарамастан браконьерлермен күресіп, қоршаған ортаны қорғауға баға жетпес үлес қосып жүр. Белсенді азаматтардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ортақ міндеттерді іске асыруға атсалысуы бізге серпін береді”, – деп жазды министр.

“Жақында Шарын ұлттық паркінде “Қызыл кітапқа” енген Түркістан сілеусіні камераға түсіп қалған еді. Сол видеомен бөліспекпін. Бұл суреттер тұмса табиғатымыздың сұлулығын көрсетеді. Осы бірегейлікті сақтау бәріміз үшін маңызды”, – деді министр Мағзұм Мырзағалиев.

Comments are closed.