3 қазан күні Алматыда Дармарка өтеді

0
1024

Recycle birge және Darmarka Almaty ұйымы бірігіп, Алматыда жәрмеңке өткізгелі жатыр.

Дармарқа уақыты: 3 қазан. Cағат 12.00-ден 16.00-ге дейін.

Мекенжай: Алматы, Қазақ мемлекеттік циркінің автотұрағы (Абай көшесі жағынан).

Дармарка деген не?

Дармарка сөзі – орыстың “дар”, “благодарить” және “ярмарка” сөздерінің қосындысынан шыққан. Демек дармарка –  әр адамның өзіне қажет емес затын апарып, оған екінші өмір сыйлайтын алаң. Мұндай шараға кез келген адам затын қойып кете алады және өзіне ұнаған нәрсені алуына мүмкіндігі бар.

Дармарка экологиялық шаралардың қатарына жатады. Себебі ол тұрмысқа қажет жаңа заттардың көп өндірілмеуіне үлес қосу үшін ұйымдастырылады. Дармарка болатын күн белгіленіп, адамдар сол жерге заттарын алып келеді. Кейбірі өзіне ұнаған затын іздеп келеді, яғни дармаркаға қатысу үшін белгілі бір дүние алып келу керек деген міндет жоқ.

Сонымен қатар дармаркада тұрмыс қалдығын қалай сұрыптауға болатынын үйретенін мастер-класс, түрлі экологиялық лекция және экологтармен кездесу болып тұрады.

Дармаркада қандай заттарды өткізуге болады?

  • Қағаз-картон (макулатура)
  • Пластик қалдықтары 1 (тек ПЭТ бөтелкесі), 2,4,5 (қатты және жұмсақ)
  • Мөлдір шыны
  • Түсті шыны (жасыл және қоңыр бөтелкелер)
  • Алюминий
  • Қалайы консервілер
  • Электрон қалдықтар
  • Құрамында сынабы бар қалдықтар мен шамдар
  • Батареялар
  • Жұмыртқа қораптары

Қол өнер жобалары үшін:

  • Қыш ыдыстар
  • Шарап тығындары
  • Саяхаттан келген монеталар
  • Джинсы мен джинсы бұйымдары
  • Кез-келген мөлшердегі сүлгілер
  • Орамалдар
  • Мақта матадан төсек жапқыштар

Дармаркаға заттарды қалай апару қажет?

“Науқанымыз барынша тиімді өтіп, қалдықтарды тез әрі оңай тапсыруыңыз үшін бірнеше кеңес береміз”, – деп хабарлады жоба ұйымдастырушылары.

Қайта өңделетін қалдықтар таза, тамақ қалдығынан арылған және тығыз жинақталған болуы керек. Бөтелке мен банкаларды тегістеңіз, қорапшаларды бүктеп, бір-біріне жинап қойыңыз.

Қаптаманың таңбасына назар аударыңыз. Таңбалар қалдықтың қандай материалдан жасалғаны жайлы ақпарат береді.

Шыны бөтелкелерді пластик немесе металл қақпақтарынан ажыратыңыз. Пластик бөтелкенің де қақпағын мүмкіндігінше бөлек жинаңыз, себебі қақпақ әдетте PEHD пластиктен, ал бөтелкенің өзі ПЭТ пластиктен жасалады. Ал консерві банкаларынан қағаз жапсырмаларды алып тастаңыз.

Пакеттерден стикер мен баға белгілерін алып тастаңыз.

Макулатурадан скотч, темір қыстырғыштарды алыңыз. Пластик бөлшектері болса, оларды қағаздан бөліңіз. Макулатурада ламинат қабаты жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Мұны анықтаудың қарапайым жолы – қағазды шетінен жыртып көріңіз, егер ламинатталған болса, жыртылған жері созылады.

Қалдықты түрлері бойынша бөліңіз. Осылайша сіз қалдықты қажет контейнерге тез реттей аласыз. Ал күмәндансаңыз, сол жердегі еріктілерден сұраңыз. Олар әрқашан көмектесуге дайын.

Шамдарды абайлап тасымалдау керек, оларды қорапшаға жинауға болады.

Егер термометр немесе құрамында сынабы бар шамыңыз сынған болса, оларды герметикалық жабылған контейнерге салыңыз (немесе пакетке мықтап ораңыз) және бұл туралы қабылдаушы еріктіге міндетті түрде хабарлаңыз.

Дармарка үйде пайдаланылмай тұрған заттар мен басқа да қалдықтарды өткізуге таптырмас мүмкіндік. Қажетсіз затты қоқысқа лақтырғанша оның пайдаға асуына көмектесіңіз. Экобелсенділер алматылықтарды дармаркаға шақырады.

Тағы оқыңыз: Дармарка деген не? Оның мақсаты қандай?

Comments are closed.