21 наурыз – Халықаралық орман күні
Қазақстан шағын орманды мемлекеттерге жатады. Елдегі орман көлемі – 4,8%. 2030 жылға қарай орман жамылғысының үлесін 5%-ке дейін арттыру жоспарланып отыр.
Ол үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ормандарды қалпына келтіру мен орман өсірудің кешенді жоспарын әзірлеп жатыр.
Президенттің тапсырмасы бойынша 5 жыл ішінде орман қорында 2 миллиард ағаш егіледі. Заңсыз ағаш кесу мен өрттерді бақылау үшін тұрақты космомониторинг жүргізіледі.