Қоршаған орта тиімділігі рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 93-орында

0
957
экология, табиғат

Рейтинг жаһандық сауалнама нәтижесіне негізделген. Мұнда елдер үш санат бойынша рейтингке ие: қоршаған ортаға қамқорлық, денсаулыққа қамқорлық және инновациялар.

Еліміз рейтингтің еуропалық көшбасшыларынан ғана емес, мысалы, Намибиядан, Габоннан және Зимбабведен де жеңіліп тұр.

Қазақстан қоршаған ортаға инвестиция салуға асықпайды. Сонымен қатар елдегі, әсіресе, өндіріс аймақтарындағы жағдай көңіл көншітпейді. Осылайша “жасыл” өмір сүруге ұмтылатын ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78-дің ішінде 72-орынға ғана ие болып, соңғы қатарлардың бірінде болды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Ресей, Беларусь және Әзірбайжанда жағдай жақсырақ.

Өз кезегінде, мемлекеттік саясаттың экологиялық көрсеткіштерін цифр жағынан бағалауға негізделген экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 40,9 индексімен (жалпы 100) 180-нің ішінде 93-орында болды. Еліміз рейтингтің ортасына жайғасты. Дегенмен Намибия, Габон, Зимбабве, Эсватини және Ауғанстан сияқты елдерден қалып тұрмыз.

Айта кету керек, қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның жеткіліксіз деңгейі мен кәсіпорындардың жауапкершілігінің төмендігінен басқа, Қазақстанда ашық қызығушылықтар жиі кездеседі.

Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Comments are closed.