
Фото: Hasara Lay/Timeout.com
Алматыда ит-мысығыңызды алып баруға болатын орындар
“Котопёс” қоры Алматыда адамдар ит-мысығын ертіп бара алатын тамақтану орындарының тізімін жасады.
“Жануарлармен бірге қай жерде тынығуға болады?” деген сауалға көп уақыт бойы “саябақ, орман сияқты адам жоқ жерде” деген жауап берілетін. Дегенмен кейінгі онжылдықта үрдіс өзгеріп, pet friendly тұжырымдамасы дами бастады. Бұл — адамдар үй жануарларымен — иттерімен, мысықтарымен келе алатын дәмханалар, мейрамханалар, қонақүйлер форматы, — дейді қор өкілдері.
Алматыдағы pet friendly, яғни үй жануарларына қабақ шытпайтын қоғамдық орындардың “Котопёс” жасаған тізімі мынадай:
Мұнда балмұздақтың түр-түрі, кофе, шарап пен вафля бар. Тәтті тағамнан ит-мысығыңыз да дәм тата алады.
Кофеханада мысықты еркіне жіберуге болады, итіңізді қарғыбауынан ұстап отыра аласыз.
Жануарыңызды ертіп, кешендегі бутиктерді де аралай аласыз, кез келген дәмхана-мейрамханадан тамақтана да аласыз.
Мысығыңызды қарғыбау тағып немесе қоржынға салып апара аласыз. Итпен жазғы алаңдарға ғана баруға болады.
Итіңізге тұмылдырығы тағылуы керек, мысығыңызды қоржынға салып кіре аласыз.
Ыстық нан мен майлы еттің иісі мұрын жарады. Мұнда итіңіздің қарғыбауын шешпегеніңіз абзал.
Төртаяқты бауырыңызбен бірге еркін отырып тамақтана аласыз. Кофехана иесіз жануарлар панасына қаражат аударып тұрады.
Ішке кішкентай итпен, қоржынға салынған мысықпен кіре аласыз, сырттағы үстелдерге кез келген көлемдегі ит-мысығыңызды ертіп келіп жайғасуға болады.
Кофе, круассан, жылу. Жұрт мақтайтын аядай мейірім ұясына ит-мысығыңыз да бас сұғып тұруы керек қой.
Бұл мақала Орталық Азияның Еуразия Қоры Chevron компаниясымен серіктестікте жасаған Qolda жедел көмек жобасы аясында әзірленді. Мақала авторының пікірі Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.