Министрлік азаматтарды Маңғыстау фермерлеріне көмектесуге үндеді

0
1110
Маңғыстаудағы жылқы

Ауыл шаруашылығы министрлігі құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге көмек беру туралы үндеуін жариялады.

Ауа-райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көп өңіріндегі қатты ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосып жатыр, – делінген мәлімдемеде.

Үндеуде сонымен бірге Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақысын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді.

Министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарды қолдауға және қолдан келгенше көмек беруге үндеді.

Ведомствоның сайтында реквизиттер қоса жарияланған. Төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті.

Президент бұған дейін жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша әкімдіктер және Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан дұрыс шешім қабылданбағанын айтқан еді.

Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр.   Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер көмек сұрап, тікелей маған өтініш айтып жатыр. Әрине, қуаңшылық – табиғи жағдай. Мұны жақсы түсінемін. Дегенмен, бұл – мәселенің бір жағы ғана. Ең алдымен, осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы қажет еді. Бірақ, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 10 шілдесінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Реквизиттер: (төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті):

Есепшоты: KZT / KZ71998PTB0001042659

Коды: 18 (КБЕ)

БСН: 061040004608

Атауы: «Казимпэкс-Ақтау» Қоры.

БАНК

«First Heartland Jusan Bank» АҚ Маңғыстау_ филиалы БИК TSESKZKA

Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «А» үй.

БАНК БСН: 060141000980

Жедел бөлімшенің басшысы / ҚҰ

Исатаева Жайнагүл Мақсұдқызы

Тел. 87292 301303 іш.1038

Қордың басшысы Мамашұлы Дайрабай

Тел. +7 771 221 2222

Дереккөз: Baribar.kz

Comments are closed.